БҚО-да кәсіпкерлер құқығын бұзған 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Оның ішінде Энергетика министрлігінің департамент басшысы да бар екен.

Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында құрылыс материалдарын шығаратын зауыт карьерін қалалық әкімдік саяжай салуға сатып жіберген. Ал Теректі ауданында ауызсу өндіретін кәсіпорын жарты жыл бойы әкімдіктен қосымша жер сұрап, ала алмай келген. Осындай мысалдар жетерлік. Облыстық прокуратураның араласуынан кейін ғана кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, бұл бассыздықтарға тоқтау салынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Қадағалау актісіне сәйкес 24 лауазым иесі жауапқа тартылған.

Индустрияландыру картасы аясында бетон бұйымдар өндіретін зауыт салған кәсіпкер Болат Шәкімов қажетті құмды осы карьерден ала бастайды. Алайда 2020 жылы жердің жаңа иелері пайда болады. Қалалық әкімдік дәл осы орыннан 66 жер телімін саяжай құрылысына деп тағы да біреулерге беріп жібергені анықталады.

«Біз білген жоқпыз. 2020 жылы олар қожайындары 7-8 кісі бізді сотқа берді. Фирманы сот арқылы жұмысты тоқтатып тастады. Олар маған: «Мына жерде біздің жер бар, әрбір жерді 1,5-2 млн-ға сатып ал», – дейді», дейді кәсіпкер Болат Шәкімов.

Қалалық сот кәсіпкерді жердің жаңа қожайындарына жығып береді. Рекреациялық аймақта үй салудың заңға қайшы екені де ескерілмейді. Жоғары инстанциялар да бастапқы шешімді қолдайды. «Енді несиемді қалай жабам, өндірісті қалай өркендетем», – деп тығырыққа тірелген кәсіпкер биыл облыстық прокуратура жанында кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын фронт-офис ашылғанын естіп, соларға шағымданады.

«Біз сол параметрлеріне кіріп, облыстық прокуратура көмек етті. Өздері протест беріп, қала, облыс сот шешімдерін бұзды. Соның арқасында мүмкіншілік алдық, қайта жұмыс бастауға. Қайта жұмысшыларды шақырып», дейді кәсіпкер Болат Шәкімов. 

Жыл басталғалы облыста прокурорлық ден қою актілері бойынша 2700-дей кәсіпкердің құқығы қорғалыпты. Маңызды инвестициялық жобаларды қолға алған 12 кәсіпкердің проблемасы оң шешілген. Баршаға ортақ жүйелі мәселелер де көтерілген.

«Бас прокуратураның қолдауымен биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы өзгертілді. Енді Санитарлық ережеге сәйкес тарихи дамуға байланысты қолданыстағы өнеркәсіп нысандары үшін санитарлық қорғау аймағының көлемін азайтуға рұқсат етілсе, ескі нұсқада бұған тыйым салынған. Бұл түзетулер көптеген өнеркәсіп нысандарының қызметін еркін жалғастыруға мүмкіндік берді», дейді БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша биыл кәсіпкерлердің құқығын бұзған 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде Энергетика министрлігінің департамент басшысы да бар екен.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.77 ℃
Днем-1.71 ℃
Вечером-1.42 ℃
Ночью-1.8 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.13 м/с
2025-01-21
Утром-6.08 ℃
Днем-9.41 ℃
Вечером-11.28 ℃
Ночью-12.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.18 м/с