Батыс Қазақстанда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына 11,9 млрд тг қаражат бөлінген

Өңірде барлығы 413 ауылдық елді мекен бар.

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы мәлім етті. Ауыл тұрғындарына қолайлы өмір сүру сапасын өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестендіруді мақсат ететін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы Қазақстанда ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған. Ол 2019 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді.
Жалпы, Батыс Қазақстан облысында барлығы 413 ауылдық елді мекен бар. «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға мүмкіндігі бар 221 перспективті ауылдық елдімекендер іріктелген. 2019-2023 жылдар аралығында жоба шеңберінде ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 107 жобаға 32,3 млрд теңге бөлінген.

«Соңғы 4 жылдың ішіндегі ірі-ірі жобаларды атап өтейін. Мысалы, Бөкей Ордасы ауданы Сайқын ауылында ауылішілік 14 көшенің 12 шақырым жолы жөнделді. Ақсай қаласында Қызылтау ауылының 12 шақырым жолы, Жаңақала ауылының жаңа жағындағы 6 шақырым жолы, Переметное ауылының ауылішілік 15 шақырым жолы, Тасқала ауылының ішкі жолдары және 3 мектеп, 1 мәдениет үйі жөнделген болатын», – деді БҚО қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиев.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында халық саны 101 мың адам, яғни ауыл тұрғындарының 32%-ы болатын 35 перспективті ауылдық елдімекенде 11 млрд аса теңгеге 43 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Олардың қатарында көлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік сала және электрмен жабдықтау жобалары бар.
БҚО қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиевтің айтуынша, әлеуметтік мәдени объектілерге көлік инфрақұрылымының объектілеріне реконструкциялау және күрделі жөндеуге республикалық бюджет есебінен 2,7 млрд теңге, жергілікті бюждеттен 9,2 млрд теңге бөлініп отыр.

«Көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жалпы құны 7,8 млрд теңге болатын 26 жоба іске асырылуда. Жолдардың құрылысы 15 шақырым. Күрделі жөндеуді 85 шақырымға жасауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 3 жоба аяқталып, 6,9 жол жасалып аяқталды», – деп мәлімдеді бағдарлама жөнінде атқарылған жұмыстар есебін берген облыстың бас қаржыгері.

Облыста көзделген 43 жобаның 10-ы аяқталған. 14 жобаның қалған жұмысы келесі жылы жалғасады және 19 жобаны жылдың аяғына дейін мәресіне жеткізу жоспарда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.55 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с