Көліктің мемлекеттік нөмірінде сандар өшіп қалса, бояп алуға бола ма?

Цифрларды немесе нөмірдің кез келген элементтерін өз бетінше бояу әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады, оған айыппұл қарастырылған.

Ашық дереккөзден

Кейбір автокөлік иелері уақыттың немесе сыртқы орта әсерінен мемлекеттік тіркеу нөмірлеріндегі цифрлардың өшіп кету мәселесіне тап болады. Кейбіреулер бұл мәселені өз бетімен шешіп, өшіп кеткен символдарды қайта бояп қоюды ұйғарады. Бұл мәселені өз бетімен шешуге бола ма және ол үшін айыппұл арқаламаймыз ба? Толығырақ – Tengri Autо материалында.

Әкімшілік полиция комитеті мәліметінше, мұндай әрекеттер заңнаманы бұзу болып табылады.

Ведомствоның түсіндіруі бойынша, мемлекеттік нөмірлер техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарға қатаң сәйкес жасалады. Оларды өндіруде арнайы бояулар қолданылады, бұл бояулар жарық шағылыстыруды және әсіресе түнгі уақытта жоғары көріну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нөмірдің жабынына өз бетімен өзгерістер енгізу осы стандарттарды бұзады.

«Цифрларды немесе нөмірдің кез келген элементтерін өз бетінше бояу әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады, оған айыппұл қарастырылған», – деді полиция өкілдері.

Егер нөмірдің оқылуы жоғалған болса, жүргізушілер арнайы ХҚКО-ға барып, оны қайта шығаруы қажет. Тек осылай мемлекеттік стандарттарға сәйкестікті сақтап, айыппұлдан қорғануға болады.

Tengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.57 ℃
Днем35.33 ℃
Вечером32.46 ℃
Ночью26.99 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.83 м/с
2025-07-12
Утром21.91 ℃
Днем33.56 ℃
Вечером34.05 ℃
Ночью26.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.31 м/с