Шамалы аяз, аздаған қар: БҚО ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамы бойынша, термометрлер тағы екі күн бойы Батыс Қазақстан облысында плюс көрсететін болады. Бірақ біртіндеп күндіз шамалы аяз сезіле бастайды. Барлық күндер бұлтты, арасында аздап қар жауады.

Бүгін, 2 желтоқсан, + 2°С, түнде -3°С. оңтүстік-батыс жел, 2 м/сек.
Ертең, сейсенбі, 3 желтоқсан, күндіз -2°С…+1°С, бұлтты, түнде -4°с. жел оңтүстік-батыс, 2-3 м/сек.
Сәрсенбі, 4 желтоқсан, күндіз -4° …0 ° С, түнде -5°С. жел оңтүстік, оңтүстік-батыс, 2 м/сек. Шамалы қар.
Бейсенбі, 5 желтоқсан, күндіз -5…-1°С, түнде -5°С. Жел батыс, кешке-солтүстік, 1-2 м/сек. Түнде жаңбыр жаууы мүмкін. Аздаған қар.
Жұма, 6 желтоқсан, күндіз -3°С …0°С, түнде -7°С. Жел солтүстік, солтүстік-шығыс, 2 м/сек. Шамалы қар.