Кірісі мен шығысын тексеруге келісім бермеген азаматтар енді атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды

Қазақстанда атаулы көмек беру тәртібі өзгереді.

Фото: ru.sputnik.kz

Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібін трансформациялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына жауап берген премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады. 
Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың кірістері мен шығыстары негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

«Отбасының цифрлық картасын мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау негізінде атаулы әлеуметтік көмек трансформациясы жоспарланған. Ұсынылып отырған алгоритм атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алуға SMS-хабарлама жіберуді көздейді», – делінген Үкімет басшысының жауабында. 

Олжас Бектенов атап өткендей, тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізіледі. 

«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетігі шын мәнінде мұқтаж адамдарды анықтап, мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодекске тиісті түзетулер әзірледі. Олар мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өтуде», – деді Олжас Бектенов.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.08 ℃
Вечером-17.01 ℃
Ночью-19.55 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с