Президентке үндеу: БҚО тұрғындары табиғатқа алаңдап, Ақордадан көмек сұрады

Мердігер көлдегі тазалық пен байлықты көбейту жұмыстарын атқармай, тек шаян аулаумен айналысқан.

Видео кадры

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылының тұрғындары ауылдың табиғатына алаңдап, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желідегі видеода Мұратсай ауылының тұрғындары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке Мұратсай су қоймасы төңірегінде он жылдан бері болып жатқан жағдайды баяндап, үндеу жолдады.

“2014 жылдан бастап, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен жеке кәсіпкер “Сәрсенов Менжан” арасында Мұратсай су қоймасында балық шаруашылығын жүргізу үшін келісімшарт жасалған. Өз кезегінде мердігер көлдегі тазалық пен байлықты көбейту жұмыстарын атқармай, тек шаян аулаумен айналысып келеді”, делінген үндеуде.

Айтуларынша, мұндай келісімшарт бес жылға жасалады екен. Уақыты біткен аталған келісімшарт 2019 жылы қайтадан жасалып, мерзімі ұзартылған. Алайда шарттың 3-тарауындағы тараптардың жауапкершілігі мен міндеттері, 4-тараудың 7-бөлігі бойынша жұмыстар атқарылмағанын жеткізді.

“Осы мәселе бойынша он жыл бойы ауылымыздың тиісті сала басшылары, ауыл тұрғындары және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен бірнеше кездесу өткізілді. Алайда кәсіпкер тарапынан нәтиже болған жоқ. Осы жағдайды баяндай отырып, жеке кәсіпкердің келісімшарт талаптарын орындамағанына ауыл тұрғындары түбегейлі қарсымыз”, дейді үндеу жолдағандар.

Қысқасы, мұратсайлықтар 2024 жылдың желтоқсан айында мерзімі аяқталатын келісімшарттың қайтадан создырылуын қалап отырған жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.08 ℃
Вечером-17.19 ℃
Ночью-18.92 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с