Оралда есірткі жасырумен айналысқан жасөспірім ұсталды

Күдікті әлеуметтік желі арқылы жұмысқа тұрған.

Фото: polisia.kz

Оралда полиция синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан 17 жастағы жасөспірімді ұстады.

Polisia.kz мәліметінше, Деркөл кентінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шарасы барысында 2007 жылы туған жасөспірімді ұстады.

Тінту кезінде күдіктіден 25 zip-пакет тәркіленді. Кейін ол есірткі жасырған орындарды көрсетті. Бұл жерден 109 zip-пакетке салынған 3 үлкен орама табылды.

Сараптама барысында пакеттерде 249 грамм болатын (1245 доза) α-PVP психотропты зат болғаны анықталды.

Тергеу барысында жасөспірім Қостанай облысында тұратыны белгілі болды. Ол Орал қаласына Telegram-арна арқылы жұмысқа шақырылған. Жұмыс берушілер жол жүру және тұру шығындарын өтеген. Қазір жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп жазылған хабарламада.

Фото: polisia.kz

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция есірткі сақтау және таратқаны үшін қылмыстық жаза барын ескертеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-10
Утром19.39 ℃
Днем27.48 ℃
Вечером28.48 ℃
Ночью20.97 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.92 м/с
2026-08-11
Утром14.84 ℃
Днем25.08 ℃
Вечером26.67 ℃
Ночью19.7 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.83 м/с