Президентті құлату: Кореядағы саяси жағдай Қазақстанға қалай әсер етпек?
Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай енгізілетіні 3 желтоқсан түнде хабарланды. Өзінің 6 сағат күшінде болған жарлығын президент неге алып тастады?
Orda.kz мәселенің мән-жайын саралап көрді.
Аз ғана уақыт күшінде болған жарлық бойынша саяси партиялар жұмысына, наразылық пен ереуілдерге тыйым салды. Цензура енгізді, әскери соттарды өлім жазасы үкімін енгізу құқығын айырды. Юн Сок Ёль бұл жарлықты «Солтүстік Кореядан келетін қауіптерден және ішкі коммунистік күштерден» қорғау үшін қабылдағанын мәлімдеді.
Жарлыққа қарсы
Бұл жарлықтың орындалуын қадағалаған әскерилер мен әскери техникалардың бейнежазбалары әлеуметтік желілерде де, БАҚ беттерінде де тарап кетті.
Оған жаяу әскер штабының жетекшісі жауапты болған. Ол парламенттің жұмысын тоқтатты. Дүрбелең кезінде парламент ғимаратын әскер басып алмақ болды. Алайда әскер ғимаратты басып алайын деп жатқанда қатысқан жалпы 190 депутат президенттің шешімін алып тастау үшін дауыс берді. Заң бойынша бұдан кейін президент жарлықтың күшін жоюға міндетті болды.
Бүгін, 4 желтоқсан Yonhap ақпараттық агенттігінің мәліметіне қарасақ, президент Юн сок Ёль көмекшілері жаппай қызметінен кетіп жатыр. Президент әкімшілігінің басшысы Чон Джи Сок, Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Шин Вон Сик, саясат мәселелері әкімшілігінің басшысы Сон Тэ Юн және одан басқа 7 аға көмекші қызметінен кетті. Ал
«Бұл заңсыз!»
Korea Herald газетінің ақпаратына сүйенсек, Оңтүстік Кореяның бірнеше құқық саласындағы сарапшылары ел президенті Юн Сок Ёльдің әскери төтенше жағдай енгізу туралы шешімін «мүлде заңсыз және негізсіз» деп бағалады.
Кореядағв ең ірі оппозициялық партияның жетекшісі Ли Джэ Мён президент Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізу туралы бұйрығын орындағандарды сынға алды.
Сондай-ақ, ол әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлеріне былай деді:
«Осы сәттен бастап заңсыз әскери жағдай жариялау туралы президент бұйрықтары Конституция мен заңдарды ашық бұзу саналады және олар ешқандай жағдайда заңды болып есептелмейді. Президенттің мұндай заңсыз бұйрықтарын орындау – өз алдына заңға қайшы әрекет», — деді Ли Джэ Мён.
«Басшылықтан келген Конституция мен заңға қайшы бұйрықтарды орындау – адамның өзін де сыбайлас етеді. Сондықтан, осы сәттен бастап мен қарулы күштер мен полиция мүшелерін өздерінің бастапқы міндеттеріне шұғыл түрде оралып, заңды міндеттерін атқаруға шақырамын. Сіздер бұл елдің шынайы егемен иесі – халықтың бұйрықтарын орындауға тиіссіздер», – деді Ли.
Бұл мәлімдемелер президент Юн Сок Ёль жариялаған әскери жағдайдан шамамен 2,5 сағаттан кейін оппозиция басқаратын Ұлттық Ассамблея жарлықтың күшін жою туралы шешім қабылдағаннан кейін жасалды.
«Осы сәттен бастап президент емес!»
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның алты оппозициялық партиясы президент Юн Сок Ёльге қарсы импичмент туралы өтінішті сәрсенбіде ұсынды, себебі ол алдыңғы күні әскери жағдай жариялаған болатын.
Олар бейсенбіде пленарлық отырыста бұл ұсынысты көтеріп, жұма немесе сенбі күні оны дауысқа салуды жоспарлап отыр.
Негізгі оппозиция бұл қадамды президенттің парламенттің әскери жағдайды жою туралы өтінішіне келісім бергеннен кейін бірнеше сағаттан соң жасады. Оппозициялық партиялардың 40-тан астам депутаты Ассамблеяға Юнды импичментке ұсынуды талап етіп, оны «құқық бұзушылық актісін ұйымдастырушы» деп атады.
Кореяны қалпына келтіру партиясы фракциясының жетекшісі Хван Ун ха:
«Президент армияны жұмылдыру арқылы елге опасыздық жасады. Ол өз қызметінде бір минут та қалмауы керек. Сондықтан біз импичмент туралы ұсынысты дереу қабылдауымыз қажет», — деп мәлімдеді.
Хван әрбір партияны сәрсенбіде импичмент туралы ұсыныс жасауға шақырды. Бұл ұсыныс 24-72 сағат ішінде дауысқа салынып, қабылдануы тиіс екенін айтты.
«Ұлттық ассамблея президентті тез арада қызметінен босатуды мақұлдайтын шешімге келуі керек», — деп атап өтті ол.
Ал президент жарлығын «заңсыз, негізсіз» деп сынаған Демократиялық партияның лидері Ли Джэ Мён:
«Президент Юн халықты сатты. Оның заңсыз әскери жағдай жариялауы жарамады. Осы сәттен бастап Юн Сок Ёль Оңтүстік Корея президенті емес», — деп мәлімдеді Ли.
Кореяның президенті Юн Сок Ёль импичменттен қауіптенген болатын. Ақыры сарапшылардың «бұл оның қызметінің ақыры болады» деп айтқаны айдай келіп, партиялар импичментке дайындалып жатыр.
Кореядағы саяси тұрақсыздықтың Қазақстанға әсері
Ал іссапармен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров экономика, энергетика, білім беру сынды салалар бойынша келіссөздер жасасты. Оның баспасөз хатшысының мәлімдеуінше бүгін 4 желтоқсанда жоспар бойынша Қырғызстанға қайтады. Тек көрші ел ғана емес, Қазақстанда Юн Сок Ёльмен келіссөздер жүргізіп үлгерді. Маусым айының 12-сі Юн Сон Ёль Қазақстанға іссапармен келіп қайтты. Екі ел 15 жылдан бері стратегиялық қарым-қатынас орнатып келеді. Осы кездесуде Юн Сок Ёль мұны ерекше атап өткен болатын.
Корея — Қазақстанның ең басты 5 инвесторының бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль 12 маусымда келіссөздер өткізген еді. Тоқаев Қазақстан Оңтүстік Кореяны сенімді стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын және екі ел арасындағы сауда айналымы 6 миллиард доллар екенін, 700-ден астам бірлескен кәсіпорындардың бар екенін атап өтті.
Юн Сок Ёль корей компанияларының Қазақстанның инфрақұрылымын модернизациялаудағы рөлін, оның ішінде энергетика және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды атап көрсетті.
Энергетика, экология, цифрландыру және сирек кездесетін металдар барлау сияқты салаларда ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келісімге келді.
Келіссөздер нәтижесінде Корейлік МҚҰ BNK Finance Қазақстанда банк мәртебесін алатын болған.
Келіссөздер ғана емес, ел президенті қонайжайлылықпен арнайы гала-концертті бірге тамашалап, қайтарында Юн Сок Ёльді әуежайда шығарып салды.
Қазіргі Кореядағы жағдайдан соң Қазақстан елшілігі Кореядағы қазақтарды сабырға шақырды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлибек Бақаев Мәжіліс дәлізінде Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты.
Ол Қазақстан ешқашан басқа елдердің ішкі істеріне араласпайтынын атап өтіп, «Оңтүстік Кореяда болып жатқан барлық жағдайлар — бұл тек Оңтүстік Кореяның мәселесі» екенін жеткізді. Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің басты міндеті — Қазақстаннан тыс жерлерде, әсіресе Оңтүстік Кореяда тұратын азаматтардың құқықтарын барынша қамтамасыз ету.
«Оңтүстік Кореяда болып жатқан жағдайға қарамастан, Қазақстан азаматтары елшіліктен көмек сұраған жоқ, бізде мұндай ақпарат жоқ. Егер олар көмек сұраса, әлбетте, елшілік барлық мүмкін қолдауды көрсетеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда әртүрлі мақсаттармен 30 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар. Қазақстан азаматтарының Кореяда көп болуының бір себебі — визасыз режим», — деді Әлибек Бақаев.
Кореядағы саяси тұрақсыздық — екі ел арасындағы экономикалық және дипломатиялық қарым-қатынастарға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар Кореядағы оппозицияның күш алуы елдегі оппозицияға да ықпал етіп, экономика мен әлеуметтік жағдайларға сын айтушыларды арттыруы мүмкін.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-на Оңтүстік Корея 81 млрд теңгеден астам инвестиция салмақ