«Алло, скорая?»: Жедел жәрдем қызметі қанша минутта келеді?

Соңғы жаңашылдықтарға сәйкес, жедел жәрдем бригадасын себепсіз шақырсаңыз жауапкершілікке тартыласыз.

Ашық дереккөзден

Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға барған.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, былтырғы жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-ына жеткен.

«103»- ке шақырту түскен сәттен бастап пациентке жеткенге дейінгі жедел медициналық жәрдем бригадасына жетудің орташа уақыты мынадай нормативке сәйкес келеді: жеделдіктің 1-санаты бойынша – 9 минут, жеделдіктің 2-санаты бойынша – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты бойынша – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.

Жедел медициналық жәрдем қызметі ел бойынша 20 дербес станциядан, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.

Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшелерінде 446 бригада жұмыс істейді.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда «жедел жәрдем» қызметінің теңгерімінде 2 355 автокөлік бар. Оның ішінде 1 482-сі қалада және 873-і ауылдық жерде.

SMARTNEWS.KZ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром12.4 ℃
Днем22.07 ℃
Вечером17.06 ℃
Ночью14.18 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.98 м/с
2025-05-21
Утром12.9 ℃
Днем22.71 ℃
Вечером18.99 ℃
Ночью12.63 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.77 м/с