Тауарлық газға жеңілдікті кімдер ала алады?

ҚР Энергетика министрлігі QazaqGaz Aimaq АҚ бірлесе 2024 жылдың желтоқсанында Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТҮК) алатын азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылатынын хабарлады.

коллаж: Halyq Uni

Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерін алуға мәртебесі бар азаматтарға «Әлеуметтік әмиян» арқылы тауарлық газға жеңілдік берілмек, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігі QazaqGaz Aimaq АҚ бірлесе 2024 жылдың желтоқсанында Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТҮК) алатын азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылатынын хабарлады.

Жоба аясында бұл аймақтарда тұратын АӘК және ТҮК алушы азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады.

АӘК және ТҮК мәртебесіне ие азаматтар 1414 нөмірінен тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді «Әлеуметтік әмиян» қызметінде белсендіру қажет.

Жеңілдік алу үшін не істеу керек?

Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін оларға тұратын мекенжайының есептік шотын көрсетсе жеткілікті. Және де тұтынушыға үй-жай құжатын (жекеменшік/ жалға алынған) өткізудің қажеті жоқ.

Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24 пайызға дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласы (631 м3/айына) мен Батыс Қазақстан облысы (833 м3/айына) әкімдіктерімен бекітілген тұтыну газ нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек (Тұтыну газ нормасын бекіту барысында сыртқы ауаның орташа айлық температурасы, ғимараттың қуат тиімділігі класы және өзге де көрсеткіштер есепке алынды).

Пилоттық жоба бес ай бойына жүзеге асырылып, әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге қанат жаюға бағытталмақ.

Бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында Мемлекет басшысының мемлекеттік қолдау оған шын мұқтаж жандарға бағытталуы маңызды деп атап көрсеткен тапсырмасына сәйкес орындалуда.

Толыққанды ақпарат пен бейне-нұсқаулықты сенім желісінде (5169 қысқа нөмірі), WhatsApp немесе Telegram арқылы +7 771 546-83-90 нөмірі бойынша немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.08 ℃
Вечером-17.19 ℃
Ночью-18.92 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с