Зейнетақы, ең төменгі жалақы және АЕК: 2025 жылы Қазақстанда олардың мөлшері қандай болады

2025 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 6,5 пайызға өспек.

Фото: baq.kz

Қазақстанда жаңа 2025 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің, сондай-ақ ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа мөлшерлер Мемлекет басшысы 2024 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілді.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналар белгіленеді:

  • ең төменгі жалақы (ЕҚБ) – 85 000 теңге (2024 жылы – 85 000 теңге);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге (2024 жылы – 3692 теңге);
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 32 360 теңге (2024 жылы – 28 215 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (2024 жылы – 57 853 теңге);
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң (БӘЖ) мөлшерiн есептеу үшiн күнкөрiс минимумы 46 228 теңге (2024 жылы – 43 407 теңге) құрайды.

Заңда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат олардың мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюы ескеріле отырып берілетіні белгіленген.

Міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекет жарналарының мөлшері де белгіленді – мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 2%.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.56 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с