Тауық еті, шұжық, балық, ірімшік – Қазақстан тамақ импортынан арыла алмай отыр

Бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр (құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42% – ресми есеп).

Фото: Naryk.kz 

Аталған өнімдердің жартысынан көбін Қазақстан басқа мемлекеттерден әкеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ

Сенатта баяндама жасаған үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан азық-түлікпен 80%-дан 100%-ға дейін өз-өзін қамтамасыз етеді. Оның сөзінше, ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың барлығы ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде өндіріледі. 

– Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр (құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42% – ресми есеп).  Бұл мәселе бізге белгілі және оны шешу мақсатында сүт тауарлы фермаларды, өңдеу кәсіпорындарын, құс фабрикаларын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері енгізіліп жатыр, – дейді Жұманғарин.

СУБСИДИЯДАН БАС ТАРТУ

Қазақстан билігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру процесін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың күрделі схемасынан бас тартып жатыр. Енді фермерлер көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау үшін 5% төмендетілген мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие ала алады. Мұндай кредиттің көлемі алғаш рет 580 млрд теңгеден асқан. Ал болашақта бұл көрсеткішті 1,5 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Жұманғариннің сөзінше, биыл көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруді қарашаның соңында басталған. Бұл фермерлерге жанармай, қосалқы бөлшектер және басқа да қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.08 ℃
Вечером-17.19 ℃
Ночью-18.92 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с