Атыраудағы базарлардың бірінен сібір жарасы анықталды

Атырау қаласындағы сауда нүктелерін қайта тексеру кезінде базарлардың бірінде сібір жарасының белгілері анықталды, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Фото ZTB News

Жедел тест аурудың белгілерін растады. Қаулыға сәйкес базар дезинфекциялық шараларды өткізу үшін жедел түрде жабылды.

«Қайта тексеру барысында алынған үлгілер ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығына жіберілді. Зерттеудің соңғы нәтижелері бірнеше күн ішінде белгілі болады. Бұл факт бойынша эпидемиологиялық тергеу басталды», – дейді ведомство.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ет сатумен айналысатын 65-тен астам сауда нүктелерін тексерді. Барлығы 700-ден астам сынама алынды және олардың барлығы теріс нәтиже көрсеткен.

Департамент мамандары халыққа сібір жарасынан қорғану үшін етті ветеринарлық бақылаудан өткен, тексерілген жерлерде ғана сатып алуға кеңес берді.

«Қолданар алдында етті мұқият пісіріп, оның ішкі температурасын 70°C дейін жеткізіңіз. Шикі етпен жұмыс істегеннен кейін қолыңызды, пышақтарыңызды және ет кескен тақтайшаларды жуыңыз. Күмәнді немесе термиялық өңделмеген ет жеуден аулақ болыңыз», – деп ескертті департаменттегілер.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.08 ℃
Вечером-17.01 ℃
Ночью-19.55 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с