572 ауыл жойылған. Олардың қатарына 546 елдімекен қосылуы мүмкін

Алдағы үш жылда 8 шекаралық ауыл картадан жойылып кетуі мүмкін.

Фото: aikyn.kz

Кейінгі он жылдың ішінде Қазақстан картасынан 572 ауыл жойылған. Алдағы 3 жылда олардың қатарына тағы 546 ауыл қосылуы мүмкін. Kazinform жолдаған сауалға Ұлттық экономика министрлігі жауап беріп, статистика келтірген. 

— 2014-2024 жылдар аралығында елімізде 572 ауылдық елді мекен
қысқартылған. Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, халық саны 50 адамнан кем ауылдардың қысқаруы орын алып, жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізіледі. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елде тұрғындарының саны 50 адамға жетпейтін 546 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде 8-і стратегиялық (шекарадан 25 км қашықтықта орналасқан) ауылдық елді мекен, – деп жазылған ресми мәліметте.

Заң бойынша болашағы бұлыңғыр ауылды әлеуеті жоғары іргелес елді мекенге қосу үшін 3 жыл қатарынан тұрғын саны 50-ден төмен болып тұруы керек. 

— ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының 14-2 баптың талаптарына сәйкес, үш жыл бойы заңның 3-бабында белгіленген демографиялық талаптарға сай келмейтін ауыл немесе кенттің статусын өзгерту көзделген. Бұл уақытша шектеулер жиі ауысып тұратын елді мекендердің санаттарын өзгерту мүмкіндігін болдырмау және жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерді дамыту бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген, – деп жазады министрлік мамандары. 

Malim.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с