Биыл БҚО-да медициналық техника сатып алуға 3 млрд теңге бөлінген

Былтыр 630 медициналық жабдық пен 81 автокөлік сатып алынған.

Биыл Батыс Қазақстан облысында медициналық техника мен көліктерді сатып алуға 3,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өңірде мемлекетке қарайтын 39 медициналық ұйым бар. Олар – стационарлар, диспансерлер, аудандық ауруханалар, ауданаралық оңалту орталығы, қалалық емханалар және тағы басқа. Оның құрамына 1 ауылдық аурухана, 67 дәрігерлік амбулатория, 60 фельдшерлік-акушерлік пункт, 203 медициналық пункт кіреді.

Сондай-ақ облыста 56 медициналық қызмет көрсетуші ұйым бар (ТМККК және МӘМС). Оған 37 мемлекеттік және 19 жеке медициналық ұйым кіреді.

Биыл денсаулық сақтауға бюджеттен 96,7 млрд теңге бөлінді. Оның 83,9 млрд теңгесі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы, 12,8 млрд теңгесі Денсаулық сақтау басқармасы арқылы. Былтыр бюджеттен 91,3 млрд теңге аударылды: 78,1 млрд теңге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан, ал 14,0 млрд теңге денсаулық сақтау басқармасынан, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға да қомақты қаржы қарастырылған.

Биыл медициналық техника мен автокөлік сатып алуға 3,1 млрд теңге бөлінді. Оған 409 медициналық жабдық жеткізу жоспарланған. Тапсырыс жылдың соңына орындалуы керек. Аудандық медициналық ұйымдардың санитарлық автокөлік паркін жаңарту аясында 49 автокөлік («Соболь» маркасы) сатып алынды. , – деп жазылған хабарламада.

Былтыр 630 медициналық жабдық пен 81 автокөлік сатып алынған

Сонымен қатар өңірдегі 13 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді. Олар:

  • Бөкей ордасы ауданы – 6 объект,
  • Жаңақала ауданы – 5 объект,
  • Орал қаласы – 2 объект.

Айта кетейік, 2023 жылы облыстағы медициналық нысандарға 630 медициналық жабдық пен 81 автокөлік сатып алынды, 22 денсаулық объектісіне күрделі жөндеуден өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с