Жаңа жылға дейін қолжетімді бағадағы өнімдер: Қазақстан үкіметінің мәлімдемесі

Тұрақтандыру қорларында осы уақытқа дейін жинақталған азық-түлік қорын өңір нарықтарына жеткізу және оны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылымға шығару тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге әрі көкөніс және басқа өнімдерді қолжетімді бағада сатуға мүмкіндік береді.

Фото: Halyq Uni

Жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру үшін аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдер алу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қараша айында азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 0,7%, ақылы қызметтердің баға индексі – 0,8%, азық-түлік өнімдері – 1,1% болды.

Ақылы қызметтердің өсуінің баяулауы байқалады, олар 2024 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының басталуына байланысты ең жоғары өсімді көрсетті (жылдық мәнде 13,3%).

Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 159,6 мың тонна көкөніс қорының 13,4 мың тоннасы сатылды. Ең көп сатылғаны – картоп (7,2 мың тонна), сәбіз – 2,1 мың тонна, пияз – 2,2 мың тонна, қырыққабат – 1,7 мың тонна.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде жылыжайда өсірілген көкөністердің бағасын тұрақтандырып, жаңа жыл қарсаңында олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тұрақтандыру қорларында осы уақытқа дейін жинақталған азық-түлік қорын өңір нарықтарына жеткізу және оны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылымға шығару тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге әрі көкөніс және басқа өнімдерді қолжетімді бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар жаңа жыл алдындағы негізгі азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуін тежеуге бағытталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с