Дәрігерлерге күш қолданғандар жауапқа тартылады. Оларды қандай жаза күтіп тұр

Қылмыстық кодекс екі жаңа баппен толықтырылмақ.

Фото: Halyq Uni

Ашық НҚА порталында Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерін үркітіп-қорқытатын немесе тіпті күш қолданатындарға қатысты енгізілетін толықтырулар жобасы жарияланды. 
Кодекске жаңа екі бап енгізіледі: 
320-1 бап. Денсаулық сақтай ұйымы қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру. 
Яғни, денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің кәсіби қызметіне араласу немесе оның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына кедергі келтіру. 
Жаза түрлері: 

200 АЕК дейінгі айыппұл;
Осы мөлшерде түзеу жұмыстары;
200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс;
50 тәулікке дейін мерзімге қамау. 

320-2 бап. Медицина қызметкеріне күш қолдану. 
Медицина қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш көрсету немесе күш көрсету туралы айтып қорқыту. 
Жаза түрлері: 

3000 АЕК дейінгі айыппұл;
Осы мөлшерде түзеу жұмыстары;
800 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс;
3 жылға дейін мерзімге қамау немесе осы мерзімге бостандығын шектеу. 

Еске салайық, соңғы уақытта медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану деректері жиілеп кеткен болатын. Бас прокуратураның биылғы тамыздағы мәліметі бойынша, 2019 жылдан бері медицина қызметкерлеріне күш көрсетудің 161 дерегі тіркелген. 

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.48 ℃
Ночью7.43 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с