Ресей еліне +1 қашқын. Мәскеу Ақаевтан соң Асадты қабылдады

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев та 2005 жылы елде болған төңкерістен кейін бас сауғалап Мәскеуге қашқан болатын.

Сурет: cont.ws

Сирия басшысы Башар Асад үкіметке қарсы күштердің шабуылынан кейін Мәскеуге қашып кетті. Бұл туралы ТАСС жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Ресей президент мен оның отбасына баспана берген.

«Асад үй-ішімен бірге Мәскеуді паналатты. Ресей гуманитарлық сипаттағы негіздерге сүйене отырып, оларға баспана берді»,—делінген хабарламада.

Қарулы сириялық оппозиция басшылары Ресейдің әскери базалары мен дипломатиялық мекемелерінің қауіпсіздігіне кепілдік бергені атап өтілді.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, Ресей Федерациясы БҰҰ қамқорлығымен Сириядағы келіссөздерді қайта бастау қажет деп санайды.

Елді 24 жыл басқарған Башар Асад Димашықтан кетті деген ақпарат көпшілікке жексенбіге қараған түні тараған еді. Ол билікке 2000 жылы келген. Ал әкесі Сирияны оған дейін 1971 жылдан басқарған. Бұған дейін Сирия президенті отырған ұшақ атып түсірілді деген болжамдар айтылған болатын.

Еске салайық, Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев та 2005 жылы елде болған төңкерістен кейін бас сауғалап Мәскеуге қашқан болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с