2,5 мыңнан аса нысан 5 млрд теңге субсидия алып, жұмысын тоқтатқан – Смайылов

Бөлінген қаржының тиімділігі аз.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Елімізде 2,5 мыңнан аса нысан 5 млрд теңге субсидия алып, жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау жүйесінде де кемшіліктер барын атап өтті.

Субсидияның түрлері мен бағыттары үнемі өзгеріп отырады. Оларды ұсыну тетігі де іске асыру барысында өзгереді. 5 жылда 70-тен астам өзгеріс енгізілді. Ережелер жекелеген жағдайларда кешіктіріліп қабылданған. 5 жылдан астам уақыт өтсе де, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұлғайтуды субсидиялау жөніндегі ережелер әлі де жоқ. Бұл осы бастамалар ұсынылған уақытта субсидиялау тәсілдерінің пысықталмауы себебінен болып отыр. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жаңашылдықтарға бейімделуі қиын және мемлекеттік қолдау шараларына сенімсіздіктің туындауына әкеледі, – деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның айтуынша, жыл сайын субсидиялау көлемі артып келеді. Алайда оларды тиімді пайдалану мәселесі шешілмеген.

Субсидиялаудың нақты басымдығы белгіленбеген. Бұл субсидия қаражатын көптеген бағытқа шашуға ықпал етеді. 17 бағыт бойынша 67 субсидия түрі бар, ал олардың әсері шамалы әрі нақты нысаналы индикаторлар айқындалмаған. Сарапшылардың бағалауынша, бағыттардың көптігіне байланысты бірқатар субсидия 2 есе аз қаржыландырылады. Көп жағдайда субсидия алуға берілген өтінімдердің орындалуы 2 жылға дейін созылады. Субсидия алушыларға бағалау жүргізілмейді. Мұның бәрі өз қызметін субсидия алғанға дейін немесе одан кейін тоқтатқан 2,5 мыңнан астам субъектіге 5 млрд теңге субсидия төленуіне әкеп соққан. 5,4 млрд теңгеге субсидия алғандардың 3 мыңға жуығы тіпті агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері емес. Мұндай жағдайда субсидиялаудың тиімділігі туралы айтудың өзі де қиын, – деді төраға.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с