2025 жылдан бастап Қазақстанда тұрғын үй сатып алудың жаңа ережелері енгізіледі

«Қазіргі талап бойынша депозитте 1 миллион теңге болу жеткілікті. Алайда конкурс жеңімпазы қысқа мерзімде тұрғын үй құнының 20%-ын жинауы тиіс.

Ашық дереккөзден

Келесі жылдан бастап елдегі сұранысқа ие тұрғын үй бағдарламаларына жаңа ережелер енгізіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отбасы банк басқарма төрайымының айтуынша, көптеген сатып алушылар жаңа пәтердің жөндеу жұмысы шығындарының көп болуына байланысты дайын тұрғын үйді сатып алады. Осыған орай, банк құрылыс компаниялары қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізген. Енді тұрғын үйлер порталда дайын күйінде ұсынылып, сатып алушылар бастапқы 10% жарна төлеп ала алады. Бұл жаңашылдық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасына қатысу шарттары өзгерді. Енді бағдарламаға қатысу үшін депозитте ең кемі 2 миллион теңге болуы қажет.

«Қазіргі талап бойынша депозитте 1 миллион теңге болу жеткілікті. Алайда конкурс жеңімпазы қысқа мерзімде тұрғын үй құнының 20%-ын жинауы тиіс. Талдау көрсеткендей, 2,5 мың өтінімнің тек 39%-ы ғана осы талапқа сәйкес келеді. Сондықтан депозиттегі минималды соманы 2 миллион теңгеге дейін арттыру ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның орындалу қарқынын жеделдетеді», – деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында республика бойынша 3,5 мың қарыз беріліп, жалпы сомасы 42,5 миллиард теңгені құрады. Ал «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы кезекте тұрған басқа санаттағы азаматтарға қосымша 4,5 мың қарыз беру жоспарланған.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап қазақстандықтар жалға алынған пәтерлерін жекешелендіре алады.  Сондай-ақ Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с