Бас прокурор мен ішкі істер министрі ашық тыңдалымда есеп беруі керек – Құспан

Құқық қорғау органдары бізге есеп бермейді. Олар тек Қауіпсіздік кеңесіне бағынады. Үкіметке де, Мәжіліске де олар есеп беретін органдар емес.

Фото: Halyq Uni

Талғарда ұлы мен бауырынан айырылған Қаржаубай Нұрымовтың өзі қамалғаннан кейін Мәжіліс кулуарында журналистер бүгін депутаттарға сол оқиға жөнінде пікір білдіруді сұрады. Депутат Абзал Құспан болған жайттарды әлеуметтік желіде бақылап отырғанын айтады. Ол сонымен бірге, тек осы іс емес, жалпы құқық қорғау органдарына қордаланған мәселелер бойынша Парламентте ашық тыңдалып өткізу керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚҰСПАННЫҢ ПІКІРІ

– Құқық қорғау органдары бізге есеп бермейді. Олар тек Қауіпсіздік кеңесіне бағынады. Үкіметке де, Мәжіліске де олар есеп беретін органдар емес. Сондықтан, мен өз тарапымнан төрағаның алдында ашық тыңдалым өткізуді ұсынып отырмын. Ол қолдау тапқан жағдайда онда регламентке сәйкес, барлық БАҚ шақырылады. Егер ол ұсынысым қолдау тапқан жағдайда! Мен одан басқа бұл мәселеге жарық түсірудің, қоғамның алдында есеп берудің басқа жолын көріп тұрған жоқпын.

Депутаттың айтуынша, ашық тыңдалып болған жағдайда көп сұраққа жауап табылар еді.

– Олардың (полиция қызметі туралы сұраққа) қызметі сын көтермейді. Ол түсінікті, – дейді ол.

Абзал Құспан Талғарда ұсталған Қаржаубай Нұрымов туралы ақпараттың бәрін тек әлеуметтік желіден біліп отырғанын айтады. Ашық тыңдалым болған жағдайда депутат құқық қорғау органдарының басшылары есеп беретінін айтады. Ашық тыңдалымға бірінші кезекте ішкі істер министрі мен бас прокурор келуі керек деп есептейді.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с