Батыс Қазақстанда 145 млн теңге субсидия заңсыз берілген

БҚО прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенінде 2020 жылдан бергі кезеңде субсидия төлеуге бөлінген бюджет қаржысын жұмсаудың заңдылығын тексерді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған уақытта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен 52 948 өтінім бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 79,2 млрд теңге (2020 жылы — 13,2 млрд, 2021 жылы — 14,2 млрд, 2022 жылы — 16,8 млрд, 2023 жылы — 16,5 млрд, биыл жыл басынан бері 36,6 млрд теңге) субсидия төленген.

Талдау барысында анықталғанындай, кейбір кәсіпкерлерге субсидия заңсыз берілген, сондай-ақ бірқатары техника мен мал бойынша міндеттемелерін орындамаған.

Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінім берген сәтте шаруашылықтағы аналық мал басынан тумаған бордақылау алаңдарына немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген немесе орнын ауыстырған бұқашықтар мен қошқарлар субсидиялауға жатпайды.

Соған қарамастан, осы талапқа сай келмейтін 13 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге мал бағасын арзандатуға 25 млн теңге көлемінде субсидия төленген.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия төленген тауарлы аналық мал басын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Мысалы, «D» шаруа қожалығы 250 бас сиырға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін 2,5 млн теңге субсидия алған. Бірақ есепті мерзім біткенге дейін аталған қожалық 92 аналық мал басын есептен шығарған.

— Барлығы 163 қожалық ірі қара басын сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындауға қатысты 127 млн теңге көлемінде бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, ұсақ мал басын сақтауды қамтамасыз етпеген 21 қожалық 12 млн теңгеге бұзушылыққа барған. Бұзушылықтардың қорытындысы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына 145 млн теңге субсидияны мемлекетке қайтару жөнінде қадағалау актісі енгізілді. Әзірге соның 8,3 млн теңгесі қайтарылды. Қалған 127 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты аталған басқарма талап арызды сотқа беруді әзірлеуде, — деп хабарлады ведомстводан.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-8.01 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-6.15 ℃
Днем-4.47 ℃
Вечером-3.91 ℃
Ночью-4.37 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.23 м/с