«Штрафстан»: 2025 жылдан бастап елімізде айыппұлдар 6,1% өседі
Ел тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне арналған маңызды ақпарат.

Елімізде 2025 жылдың қаңтарынан бастап айыппұлдар өседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Келер жылдан бастап 1 АЕК 3 932 теңге болады. Яғни бұл АЕК-пен есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұл, әлеуметтік төлемдер және т.б көлемі де артады.
Осылайша 2025 жылдың басынан бастап айыппұл арқалағандар қанша теңге төлейтінін есептеп көрейік.
Қоғамдық орында балағат сөз айту
Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар 20 АЕК, яғни бұл 78 640 теңге немесе 30 тәулікке қамауға алынады.
Ал отбасында және тұрмыста балағат сөз айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал мұғалімді немесе дәрігерлерді балағаттаса, онда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Рәміздерді қорлау
2025 жылдан бастап 3 000 АЕК (11 796 000 теңге) болады.
Кіреберісте қоқыс «пакетін» қалдыру
Пәтерге кіреберістегі есік қасына қоқыс салынған дорбаны қалдырғаны үшін 78 640 теңге, қайтадан жасаса 117 960 теңге айыппұл қарастырылған.
Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі
Кәмелетке толмаған азаматтардың заңды өкілдерінсіз 22:00-ден 06:00-ге дейін, ойын-сауық мекемелерінде болса, олардың ата-анасына 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал 18 жасқа толмаған бала 23:00-ден 06:00-ге дейін үйден тыс жерде жүрсе, онда заңды өкілдеріне ескерту жасалады. Егер осы әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, онда баланың заңды өкілдеріне 27 524 теңге айыппұл салынады.
Ойын-сауық мекемесінің иелеріне де 10-нан 100 АЕК дейінгі мөлшерде (39 320 және 393 200 теңге) айыппұл салу көзделген.
Шулап, тыныштықты бұзу
Елімізде заң бойынша кешкі сағат 22:00-ден 09:00-ге дейінгі тыныштықты бұзуға болмайды. Жеке тұлғаларға айыппұл — 19 660 теңге, бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.
Сонымен қатар кәсіпкерлерге 20 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін (78 640 — 589 800 теңге )айыппұл салынады.
Түкіру, қоқыс тастау
Бірінші рет 5 АЕК, яғни 19 660 теңге айыппұл қарастырылған. Ал азамат осы әрекетін қайталаса, онда 10 АЕК болады.
Көлік жүргізгенде телефон пайдаланып, белбеу тақпау
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны және көлік жүргізіп бара жатқанда телефнон қолданғаны үшін жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл 2025 жылы 19 660 теңге.
Құжатсыз көлік жүргізу
Жүргізу құқығы жоқ жүргізушілердің көлікті басқаруы 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар рөлге отырса, оларға 50 АЕК яғни 196 600 теңге айыппұл немесе 20 тәулікке қамауға алынады.
Қоғамдық көлікте жолақысын төлемеу
Қала және қала маңындағы қоғамдық көлікте жолақыны төлемегендерге 2 АЕК яғни 7 864 теңге айыппұл қарастырылған. Ал жолаушыны билетсіз алып жүргені үшін 5 АЕК (19 660 теңге) айыппұл салынады.
Жолды кесіп өту
Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін, яғни рұқсат етілмеген жерден өту, 2 АЕК (7 864 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК (39 320 теңге) дейін өседі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Дәрігерлерге күш қолданғандар жауапқа тартылады. Оларды қандай жаза күтіп тұр
Жаңа жылдан бастап айыппұл өседі
Бүгіннен бастап жазғы шинамен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады