Қазақстандағы 19 ірі қаланың он бірі ластанған

Алматы ресми түрде әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың онлайн рейтингіне енгізілді.

фото: ecoinfo.kz

Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында экологияның ластануы салдарынан онкологиялық аурулар ең көп тіркелді, деп хабарлады Finprom.kz.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, атмосфералық ауа ең нашар аймақ – Астана мен Қарағанды. Бұл қалалардағы ластану деңгейі өте жоғары. Ауасы аз ластанған, бірақ экологиялық жағынан қолайсыз – Алматы, Өскемен, Түркістан, Петропавл, Қостанай, Орал және Ақтөбе.

Ал ауасы таза аймақтар тізіміне Көкшетау, Қызылорда және 2024 жылдың екінші тоқсанында Талдықорған енді. Бұл биылғы жылдың қазан айындағы көрсеткіш.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 19 ірі қаланың 11-інде қазан айында атмосфералық ауаның ластануы жоғары болды. Биыл қазан айында ластанудың жоғары деңгейі Өскемен, Түркістан және Павлодарда, ал өте жоғары деңгейі Алматы, Астана және Қарағандыда тіркелді.

Қазақстан Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экология салдарынан сырқаттанатындар Алматы, Шығыс Қазақстан «Семей ядролық полигонының экологиялық апат аймағы», Арал өңірінің экологиялық апат аймағында көп тіркеледі.

Сондай-ақ Қарағанды облысы қоршаған ортаны ең ірі ластаушы — Балқаш тау-кен металлургия комбинаты мен «Испат-Кармет» компаниясы еліміздегі барлық ластану көлемінің үштен бірін құрайды.

Былтыр Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші республикадан жоғары болған. Ал Алматы қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қатерлі ісікпен сырқаттану республика бойынша жоғары болған. Онкологиялық аурулардың ең төмен деңгейі Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.

Айта кетері, Iqair халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, желтоқсан айының басында Алматы ресми түрде әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың онлайн рейтингіне енгізілген. Ол экологиялық қолайсыз ірі қалалардың ондығында бесінші орынға ие болды.

Sputnik

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с