Енді құрылысы аяқталмаған үйді жарнамалағандарға 8 млн теңге айыппұл салынады

Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны және жарнаманы таратқаны үшін әкімшілік айыппұлды 2000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін ұлғайуы мүмкін.

Фото: Halyq Uni

Бұл туралы Мәжілісте заң жобасын таныстырғанда белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Оның сөзінше, жұмыс тобында депутаттар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңның қолдану аясын кеңейту мақсатында жеке тұрғын үй кешендерін салуға және осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған бірқатар түзетуге бастама болды.

Олар мыналар:

— Үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында, Заң жобасының басты түзетулерінің бірі, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес, алдын ала шарттар, инвестициялау, брондау және т. б. шарттар жасасуға тыйым салу;

— құрылысы жүріп жатқан нысанды әкімдіктің рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі болмаған жағдайда жарнамалауға және Екінші деңгейлі банктерде ипотека рәсімдеуге тыйым салу;

— салынып жатқан тұрғын үйдің тапсыру мерзімдерін ұзартуды қысқарту;

— үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны және жарнаманы таратқаны үшін әкімшілік айыппұлды 2000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту (7,9 млн теңгеге дейін).

Сондай-ақ аталған заң жобасымен, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ мен әкімдіктердің де қызметіне түзетулер енгізілді.

Олар мыналар:

— «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ базасында Үлескерлерді қолдау орталығын құру (1414 кол.центіріне ұқсас);

— Бірыңғай оператордың кепілдіктерін алу кезінде құрылыс салушылардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптарды күшейту;

— Әкімдіктен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу кезінде құрылыс салушылар екінші деңгейлі банкпен жасалған кредиттік шартты және несиелік берешек туралы анықтаманы көрсету міндеттеледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.27 ℃
Днем-9.17 ℃
Вечером-10.07 ℃
Ночью-10.35 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 996
Скорость ветра13.29 м/с
2025-12-15
Утром-9.95 ℃
Днем-10.17 ℃
Вечером-11.62 ℃
Ночью-12.37 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.32 м/с