«Миы шайқалып, қолы көгерген»: Оралда оқушы қызды сыныптастары аяусыз ұрып-соққан

Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ашық дереккөзден

Орал қаласында тұратын әйел қызын сыныптастары ұрып-соққаны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде mamochki_uralska_vmeste паблигінде жазғанындай, бір ай бұрын қызы мектептен сынған телефонымен жылап келген.

«Ол 5-сыныпта оқиды. Өзі айтпаған соң жағдайын көріп, оның нөмірінен сыныптастарынан мектепте не болғанын сұрап едім. Сыныптастарының жазғанын көріп, шошыдым. Сыныптастарының үшеуі ұрып, екеуі телефонын тартып алып, бір-біріне лақтырып тұрыпты, жерге де түсірген. Бір сыныптасы директорының орынбасарын шақырған. Жағдайды анықтау барысында сыныптастары оған артық салмағы және көзілдірік таққаны үшін буллинг жасалатынын айтты», деп жазады әйел. 

Оның мәлімдеуінше, сол күні ұрып-соққан жерін жарақат пунктінде түсірген. Қызының миы шайқалып, басы, қолы мен жамбасының еті көгерген. 

«Учаскеде оқиғаның салдарын сезінбегендіктен әрі мектеп директоры орынбасарының бәрі шешіледі деген сөзіне сеніп, оның өтініші бойынша арызымды қайтып алып едім. Бірақ жиналыста бірде-бір ата-ана келіп, баласы үшін кешірім сұрамады. Басқа балалар қалай болғанын айтып берді. Мұның бәрінің жазбасы бар», дейді ол.

Анасының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде қызында жарақаттан кейін энцефалопатия және ишемиялық оптикопатия (көз көруінің нашарлауы) пайда болған. Бұдан кейін тағы да шағым түсірген соң қызын сот-медициналық сараптамаға жіберген.

«Қызымның көңіл-күйі жоқ, басы ауырып, құсқысы келеді. Ата-аналар мен мектептің үстінен сотқа шағым бергім келеді. Қызым өзін келемеж жасайтын болған соң айтпаған. Мұның бәрі мектеп қабырғасында болған. Не мектеп, не ата-ана, есепке қойғаны болмаса, жауапқа тартылған жоқ. Егер сау бала жарақат алса, зардаптары мұндай болмас еді. Ал оның көзіне әсер етті, мүгедектікке беріп жатырмыз», дейді әйел. 

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орал қаласы тұрғынының өтініші бойынша Шаған полиция бөлімі материал жинақтаған. Сосын оны қарау үшін Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолдаған.

«Аталмыш оқиға комиссия төрағасы, Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тапишевтің, оқушылар мен олардың заңды өкілдері, психологтар мен педагогтердің қатысуымен қаралды. Комиссия шешімі бойынша оқушылардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу туралы ескерту жасалды. Сондай-ақ тәртіп бұзған оқушылар оқитын мектептің атына, полиция және білім беру бөліміне осыған ұқсас жағдайларды қайталамау мақсатында ұсыныстар берілді. Мектепке кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы бекітілгенін хабарлаймыз. Сонымен қатар бейнебақылау камералары орнатылған. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.87 ℃
Вечером0.57 ℃
Ночью1.21 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра8.08 м/с
2026-02-16
Утром0.69 ℃
Днем0.62 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.42 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.82 м/с