Air Astana соттан оралдық тұрғынға төлеуге тиіс моральдық өтемақы мөлшерін азайтуды сұрап отыр

Air Astana бұл соманы әділ және жеткілікті деп санап, өтемақыны 1,5 млн теңгеге дейін төмендетуді сұрап отыр.

Сурет: FlyArystan баспасөз қызметі

Air Astana әуе компаниясы Зере есімді қыздың «Астана-Орал» рейсіне жіберілмегені үшін тағайындалған 5 млн теңге моральдық өтемақыны 1,5 млн теңгеге дейін азайтуды сұрады. Бұл туралы адвокат Данильхан Шағатаев телеграм каналында жазды.

Бұған дейін сот Air Astana әуе компаниясын Зеренің анасына 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген. Сондай-ақ, компанияға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Рейсті болдырмау, кешіктіру немесе бағытты өзгерту кезінде жолаушыға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде орындамау» туралы бабы бойынша 1000 АЕК (3,063 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Air Astana бұл соманы әділ және жеткілікті деп санап, өтемақыны 1,5 млн теңгеге дейін төмендетуді сұрап отыр.

Оқиға неден басталды?

20 шілдеде Зере мен Зәуре есімді қыздар Америкадан елге бір топ баламен оралған. Олар саяхаттан келе жатқан еді. Қыздар Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені FlyArystan компаниясы бортқа кіргізбей, әуежайда 12 жасар қызды жалғыз тастап кеткен.

Орал қаласының тұрғыны, екі қыздың анасы Жазира Мусина оқиғаның мән-жайын өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері Зәурені тіркеп, Зере тіркелмеді. Сонымен бірге FlyArystan қызметкерлері балаларға жауапты сенімді өкілге техникалық ақауларды жойғаннан кейін Зерені өзіміз отырғызамыз деп сендіріп, бортқа мінуін сұраған. Олар сенімді өкілді алдап, баланы жалғыз қалдырды. Балаларымның құжаттары түгел еді, онымен ешқандай проблема болмаған. Сөйтсе бортта орын жоқ депті. Сонда үлкендердің мүддесі балалардың мүдделерінен жоғары ма? Менің қызым қатты қорқып қалды, өйткені жанында ешкім жоқ. Елестетіп көріңізші,кішкентай қыз бөтен әуежайда, басқа қалада жалғыз өзі қалды. Әуекомпания мұндайға қалай жол берді?», – деді Жазира.

Сол сәтте Оралда болған ана баласы үшін алаңдап, компанияға қоңырау шалған. Олар тек рейс келесі күнге бар екенін айтып, баланы қонақ үйге орналастыруға кеңес берген. Бірақ қыздардың анасы жалғыз өзін қонақ үйге жіберуге қарсы болған. Зере келесі күні басқа рейспен ұшып келген.

«Күні кеше адвокатымыз Астана әуежайында болып, оған тіркеу үстелінің жанында қызымның үш сағат бойы жылап тұрған бейне жазбасын көрсетті. Басқа қалада 12 жастағы балам жалғыз өзі әуежайда сабылып, маған «мама, мен не істеймін, қайда барамын» деп жылағанын есту қалай әсер еткенін елестетіңізші», — дейді Жазира Мусин.

Ulysmedia коллажы

FlyArystan компаниясы жағдайды қалай түсіндірді?

Air Astana еншілес компаниясы FlyArystan жағдайға салқынқанды қарап, кең ұшақтың аз орынды ұшаққа ауысқанын хабарлаған. Нақтырақ айтқанда, әуе компаниясы сотта 188 орындық ұшақтан 180 орындық ұшаққа ауыстырғанын мәлімдеген.

«Кең ұшақ аз орынды ұшақпен ауыстырылған. Содан соң әуекомпания қызметкерлері жолаушылардан Зереге орын беруді сұрап, ол үшін өтемақы төлеуді ұсынды. Бірақ ешқандай жолаушы орын беруге келіскен жоқ», – деп мәлімдеген әуе компания.

Компания басшысы қыздардың анасынан кешірім сұрап, өтемақы ретінде 4 млн теңге ұсынған. Бірақ Жазира Мусина сотқа жүгінген.

Жазира Мусинаның адвокаты Данильхан Шағатаев Зеренің анасы ұзақ уақыт әділдікке жету үшін күрескенін айтты. 

Бастапқыда олардың талаптары еленбеген, бірақ қоғамдық резонанс әсерінен іс сотқа жетіп, компания  5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелген.

Sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с