Оралдағы 185 балабақша ваучерлік қаржыландыруға көшті

Енгізіліп жатқан ваучерлік қаржыландыру жүйесі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына белгіленген талаптарға сай болған жағдайда бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Фото: ашық дереккөз

Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан Шымкент, Орал қалаларында пилоттық жоба шеңберінде іске асырылуда.

20 қарашадан бастап Орал қаласы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ваучерлік қаржыландыру енгізілетін пилоттық қалалардың біріне айналды, бұл 3 177 ваучер беруге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Оралдағы барлық 185 мектепке дейінгі ұйым ваучерлік механизм бойынша қаржыландырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, енгізіліп жатқан ваучерлік қаржыландыру жүйесі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына белгіленген талаптарға сай болған жағдайда бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл тек жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің қалыптасуына ықпал етеді.

Жүйе ең алдымен, «Балаға берілетін ақша» қағидатымен бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін шартты қарастырады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналардың баланың балабақшаға бару табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі. Айта кетейік, ваучерлік қаржыландыру механизмін масштабтау өңірлердің дайындығына қарай келесі жылдан бастап жоспарланған.

Анықтама: Қазақстанда 11 642 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2025 жылдан бастап балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі

Ваучер деген не? Ол балаларды балабақшамен толық қамту мәселесін шеше ме?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.85 ℃
Ночью6.44 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с