Соғысты тоқтату: Украинаға 40 мың әскер кіргізіле ме?

Украинадағы соғысты тоқтату жоспары талқылануда. Бірнеше нұсқа қарастырылу үстінде. Оның ішінде АҚШ-тың алдағы уақытта ресми басшысы болатын Трамптың жоспары, Қытай мен Бразилияның ұсынысы, Зеленскийдің «Бейбітшілік формуласы», Үндістанның бастамасы және Путиннің ұсынысы бар. Еуропа елдері Украинадағы қақтығыс тоқтаса да, бейбітшілік толыққанды орнайтынына сенім артпайды. Қазіргі сәтте Еуропа мемлекеттері ұрыс қимылдары тоқтаған соң, Украина жеріне бітімгерлік әскерін топтастыруды ойластыруда. Аталған бастамаға Мәскеу үзілді-кесілді қарсылық танытумен келеді.

Фото:Сергей Нужненко / Радио Свобода

Аталған бастаманы ұсынушының бірі Франция басшысы Эммануэль Макрон. Макрон 12-желтоқсанда Варшаваға аттанып, Польша премьері Дональд Тускпен бірге Украина жеріне бітімгерлік күштерін енгізуді талқыламақ. Бұл туралы Politico басылымы жазды.

Макрон өткен аптада Дональд Трамппен кездесу өткізді. Кездесуге Украина басшысы Зеленский де қатысты. Париж соғыстың ықтимал аяқталу сценарийі ЕО-ға барынша тиімді болғанын қалайды және АҚШ-тың тек қана өз мүддесін емес, ЕО-дағы одақтастарының да мүддесін қорғауын сұрауда.

Польшаның Rzeczpospolita газеті бұған дейін Франция мен Польша Украинаға 40 мың жасақтан тұратын бітімгерлік күштерін кіргізуді ойластыруы мүмкін екенін жазды. Ақпаратты ЕО-дағы атын жасырын ұстауды өтінген бірнеше саясаткер растаған. Ақпарат көздері бітімгерлік күштері тек қана Франция мен Польшадан емес, сонымен бірге Балтық елдері, Германия және Ұлыбританиядан да болуы мүмкін деп топшылауда.

Польшаның кей  саясаткері бұл ұсыныстың іске асуы үшін екі елдің бастамасы жеткіліксіз деп санайды. Ол үшін БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның арнайы мандаты қажет деген пікірде.

Әскери сарапшылар Киевтің бұл ұсынысты қабылдайтынын айтты. «Бұл Киев үшін қауіпсіздік кепілдігінің бірі болар еді. Украина Ресей тарапынан қайта шабуыл жасалса, оған қарсы бірлесе күресетін одақтастарының әскерін өз жерінде көргісі келеді», — дейді сарапшы Ян Матиес.

Ресейлік саясаткерлер Украина жеріне қандай да бір әскери күштің кіруіне қарсылық танытуда. Мәскеу «Украина әскер санын азайтып, қару-жарағының тең жартысын жойып, шығысындағы төрт облысты беруі тиіс» деген талапты қоюмен келеді. Ресейлік сарапшылар Украина жеріне Батыс елдерінің әскері бітімгерлік күші ретінде топтастырылуын қауіпті деп санайды. «Киев болашақта Германия сценарийімен НАТО-ға қосылуы мүмкін, оған бітімгерлік күштері көмектесетін болады» дейді олар. Украина билігі болса түрлі нұсқаның бар екенін айтты, алайда әлі нақты шешім жоқтығын жеткізіп, келісімнің ауылы алыс екенін меңзеді. 

Mezgil.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-17
Утром-17.59 ℃
Днем-17.65 ℃
Вечером-19.05 ℃
Ночью-20.95 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.08 м/с
2026-01-18
Утром-23.44 ℃
Днем-16.6 ℃
Вечером-21.42 ℃
Ночью-20.25 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.43 м/с