«221 мың теңгеден беріледі»: Қазақстанда балаларға арналған жинақтау жүйесі мақұлданды

Мемлекеттік сыйақы жылына 5 пайыз, әлеуметтік осал отбасындағы балалар үшін 7 пайызды құрайды.

Ашық дереккөзден

Сенат депутаттары Қазақстанда 5 жастан асқан балаларды қамтитын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заңды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенат депуаттары екінші оқылымда ақпарат, әлеуметтік даму, мәдениет және мұрағат ісі салаларындағы қажетсіз заңнамалық реттеуді алып тастайтын мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты түзетулерді мақұлдады.

Атап айтқанда, Қазақстанда балаларға арналған бастапқы капиталды жинақтауды, мемлекеттік сыйақыларды және депозиттерге кепілдік беру, мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі құрылады.

Жаңартылған бағдарламаның негізгі артықшылықтарының қатарында жүйенің салымшысына мемлекет есебінен 60 АЕК (2024 жылы 221 520 теңге) көлемінде бастапқы білім беру капиталы аударылады. Жетім балалар үшін бұл сома 120 АЕК (2024 жылы 443 040 теңге).

Мемлекеттік сыйақы жылына 5 пайыз, әлеуметтік осал отбасындағы балалар үшін 7 пайызды құрайды.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов «Келешек» бағдарламасының ережелері 2025 жылдың басынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың «Келешек» жүйесі арқылы балаларының оқуына қаржы жинай алатыны туралы жазған едік.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-10
Утром19.39 ℃
Днем26.43 ℃
Вечером28.09 ℃
Ночью20.97 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.92 м/с
2026-08-11
Утром14.84 ℃
Днем25.08 ℃
Вечером26.67 ℃
Ночью19.7 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.83 м/с