Ресейдің ядролық қару қолдану қаупі жоғарылап келеді

Ресейде ядролық қару қолдануы мүмкін екеніне сенетіндер саны өскен.


Келесі жылы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларының тасталғанына 80 жыл толады. Атом бомбасын жоюы әлем халқы талап еткенімен,  ядролық қаруды қайта қолдану қаупі бұрынғыдан да жоғары, деп хабарлады The Japan News басылымы.

2024 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығын алған ұйымға 3 желтоқсанда Ослода тапсыру рәсімі өтті. Сол басқосуда 92 жастағы ұйымның тең төрағасы Теруми Танакаға Ресей Президенті Путинге арнайы үндеу жолдау сұралды. Өйткені Путин ядролық қаруды қолдану туралы бірнеше рет ескерткен болатын.
«Менің ойымша, Президент Путин ядролық қарудың адамзат үшін қандай қасірет екенін ойлап көрмеген және шын мәнінде түсінбеген», – деді Танака.
Ақпан айында халыққа жасаған жолдауында Путин Ресейдің ядролық әлеуетін мақтан етіп, оның көмегімен Америка Құрама Штаттары мен Еуропаны нысанаға алуға болатынын айтқан.
«Бізде олардың аумағындағы нысаналарды жоқ қылатын қарулар бар екенін түсінуі керек, – деп ескертті Путин. – Бұл өркениетті жою қатерін тудырады. Олар мұны түсінбей ме?»
Қараша айында Путин Ресейдің ядролық қаруды қолдануға арналған шекті жағдайды «мемлекеттің өмір сүруіне» емес, Ресейдің «мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын»  «қорғау» мақсатында төмендетті.
Levada орталығы жүргізген қоғамдық пікір зерттеуіне қарағанда, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясында ядролық қарудың қолданылуы «мүмкіндігі жоғары» деп есептейтін ресейліктердің үлесі 39%-ға жетті.
Бұл 2023 жылдың сәуіріндегі (29%) және осы жылдың маусымындағы (34%) көрсеткіштен жоғары.

Ресей ядролық қаруды Иран мен Солтүстік Кореяға беруі мүмкін деген алаңдаушылық та бар. Олар Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясын қолдайды.
НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте 4 желтоқсанда өткен баспасөз конференциясында Ресейдің Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламаларын қолдайтынын, сол үшін Пхеньян Украинаға қарсы соғысы үшін қару-жарақ пен әскер бергенін айтты.

Malim

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с