Жайық бассейнінің экожүйесін сақтау жөнінде Қазақстан-Ресей комиссиясының төртінші отырысы өтті

Отырысқа сондай-ақ екі тараптың орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдарының және жұртшылықтың өкілдері қатысты.

Фото: Shutterstock

2024 жылғы 12 желтоқсанда бейнеконференция форматында 2016 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге сәйкес құрылған Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының төртінші отырысы өтті.
Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиев басқарды.

Ресей тарапын Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары С.М. Аноприенко басқарды.

Тараптар Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы туралы ақпаратты тыңдап, қабылдады.
Қазақстан тарапы Ресей тарапын 2025 жылы аяқталуы жоспарланып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстары, каналдар мен суландыру жүйелерін реконструкциялау, жағалауды нығайту, түбін тереңдету, тазарту жұмыстары, өзен бассейнін бекіре және тұқы тұқымдас балық шабақтарымен балықтандыру, ормандарды қалпына келтіру, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою және басқа да іс-шаралар туралы хабардар етті.

Ресейлік тарап, өз кезегінде, 2023 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарының аяқталуы, тазарту қондырғыларын салу және реконструкциялау, өзендердің арналарын, тоғандар мен су қоймаларын тазарту, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, суобъектілерін балықтандыру, еріктілерді тарта отырып экологиялық акциялар өткізу туралы хабарлады.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресей аумақтарының трансшекаралық тұстамаларындағы Жайық өзені бассейні суларының сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы мәселе қаралды. Тараптар су сапасының мониторингі жөніндегі іс-шараларды әрбір тарап Жайық өзені бассейнінің трансшекаралық су объектілері мониторингінің 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес толық көлемде орындайтынын атап өтті.

Тараптар бір-бірін Жайық өзені бассейніндегі жайылмалы ормандарды сақтау және қалпына келтіру және Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтарды сақтау және молықтыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Тараптар қоғамдық-экологиялық сана мен Жайық трансшекаралық өзенінің бассейніне ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады және Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау проблемасына назар аудару үшін жас мамандар мен студенттерді тарта отырып ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Ресей тарапы 2025 жылы «Жайық бассейніне – таза жағалау және тату көршілік» Қазақстан-Ресей акциясы аясында бірлескен экологиялық іс-шара өткізуді ұсынды. Қазақстандық тарап бұл ұсынысты қолдады.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар бес жылдық кезеңге арналған жаңа бағдарламаны әзірлеу және бекіту арқылы Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с