2024 жылы қазақстандықтар қай елдерге саяхаттаудан рекорд жаңартқаны белгілі болды

Осы жылдың деректері Мальдив аралдары, Тайланд, Грузия және Хайнань сияқты елдерге қызығушылықтың күрт артқанын көрсетеді.

Қазақстандықтар 2024 жылы шетелге жиі саяхат жасап, танымал туристік бағыттарға рекордтық сапарлар жасады. Осы жылдың деректері Мальдив аралдары, Тайланд, Грузия және Хайнань сияқты елдерге қызығушылықтың күрт артқанын көрсетеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Data hub тілшілеріне сілтеме жасап. 

«2024 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандықтар Мальдив аралдарына 22,3 мың рет сапар шекті. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға көп. Бұл – 2009 жылдан бері статистика жүргізілген уақыт ішіндегі ең жоғары нәтиже. Қазақстан туристер саны бойынша жалпы ағының 1,3%-ын құрап, 18-орында тұр», — деп жазылған хабарламада.

Тайланд та қазақстандықтардың сүйікті бағыттарының бірі болып отыр. Қаңтар-қазан айларында бұл елге 144,3 мың рет сапар жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға көп. Бұл көрсеткіш соңғы 15 жылдағы ең жоғары нәтиже.

«Грузияға 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қазақстандықтар 146,9 мың рет сапар шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп және 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш», — деп жазады сарапшылар.

Хайнань аралы қазақстандық туристер үшін ерекше танымал бағытқа айналды. Қаңтар-қазан айлары аралығында Хайнаньдағы қонақүйлерде қазақстандықтар 35 мың рет тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1049%-ға артық. Мұндай өсімнің басты себебі – 2023 жылдың күзіне қарай аралмен тікелей әуе қатынасының қайта жандануы.

«Қазақстандықтардың Шри-Ланкаға қызығушылығы да артып келеді. Қаңтар-қараша айлары аралығында бұл елге 9,5 мың сапар жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп және соңғы алты жылдағы рекордтық көрсеткіш», — делінген сарапшылар есебінде. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с