Қазақстандық фермерлерге субсидияларды беру тоқтатылады

2029 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялардан мүлдем бас тартып, оларды осындай жеңілдетілген қайтарымды ресурстармен алмастырылмақ.

Ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров алдағы уақытта мемлекеттің агроөнеркәсіптік фермерлерге субсидия беруден бас тартатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол жалпы мемлекет агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саясатын өзгертуді жоспарлап отырғанын алға тартты. Бұрынғы шарттар енді бес пайыздық қарызға ауыстырылмақ.

«Біз субсидиялардан бас тартамыз. Экономиканы реттеу туралы жарлық қабылданды. Сондай-ақ, нақты шаралар бар. 2029 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялардан мүлдем бас тартып, оларды осындай жеңілдетілген қайтарымды ресурстармен алмастыру керек. Өйткені жыл сайын шынымен үлкен сома жұмсалды. Осы субсидиялардың нәтижелілігіне қатысты сұрақтар болды. Яғни, ақша қайтарылса мұнда мүлдем басқа тәсіл болады және фермерлердің жауапкершілігі артады», – деді Нұрлан Байбазаров.

Сонымен қатар ол қазір барлық субсидияларды беруді автоматтандыру туралы шешім қабылданғанын айтты. Мұны Агрокредиттік корпорация цифрлық платформада жүзеге асыратын болады.

«Адамдар аяқпен жүрмейді, біреумен келіспейді немесе заңсыз жолдармен субсидия алмайды. Цифрландыру көптеген мәселелерді шешеді», – деп қосты ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с