БҚО-да із-түзсіз жоғалған қыз табылды

7 сағатқа созылған іздеу нәтижесінде таңғы сағат 5 шамасында қыз өз үйінен 15 шақырым қашықта, Ақсай қаласына қарай бет алып бара жатқан жерінен табылды.

Фото: ІІМ

Батыс Қазақстанда полиция із-түзсіз жоғалған 22 жастағы қызды аман-есен тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 желтоқсанға қараған түні Теректі ауданында 22 жастағы қыз үйден шығып, белгісіз бағытқа бет алған. Ата-анасы алаңдаушылық білдіріп, қызын табу үшін полицияның көмегіне жүгінген.

Іздеу жұмыстарына әкімдік қызметкерлері, азаматтық қорғаныс өкілдері және жергілікті тұрғындар белсенді түрде атсалысты.

Полицейлер далалық жерлерге ерекше назар аударып, түнгі уақытта аумақты мұқият шолып шықты.

7 сағатқа созылған іздеу нәтижесінде таңғы сағат 5 шамасында қыз өз үйінен 15 шақырым қашықта, Ақсай қаласына қарай бет алып бара жатқан жерінен табылды.

«Қыздың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қатты аязға қарамастан, үсік шалу белгілері байқалмаған. Оған полиция қызметкерлері дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жеткізді. Қазір қыз анасының жанында, жағдайы жақсы», – деп жазылған хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с