“Бір — екі минутқа қалдырдым: көлігім ұрланды” — Орал қаласында патрульдік полиция қаскүнемді ізін суытпай ұстады

Иесі өзінің “Рено” маркалы көлігін үйдің ауласына қойып, көліктің қозғалтқышын сөндірмей, оны бірнеше минутқа қараусыз қалдырған. 

БҚО ПД

6 желтоқсанға қараған түні полицияға Орал қаласында қала тұрғынынан көлігінің ұрланғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Иесі өзінің “Рено” маркалы көлігін үйдің ауласына қойып, көліктің қозғалтқышын сөндірмей, оны бірнеше минутқа қараусыз қалдырған. Осы сәтті пайдаланған сол маңнан өтіп бара жатқан белгісіз адам көлікке мініп, жасырынуға тырысқан.
Иесі бірден полицияға жүгінді, содан кейін бірден “Тосқауыл” жоспары енгізілді.

Бейнебақылау камераларының көмегімен ұрланған көліктің орналасқан жерін жедел анықтап, 30 минут ішінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, ал көлік иесіне қайтарылды.

Көлікті ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар, ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.

Полиция азаматтарды көлік құралдарының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-19
Утром17.55 ℃
Днем33.36 ℃
Вечером34.26 ℃
Ночью24.52 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.25 м/с
2026-08-20
Утром21.17 ℃
Днем33 ℃
Вечером32.93 ℃
Ночью24.33 ℃
Влажность20 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.76 м/с