Бюджетке ақша жетпей жатыр: Үкімет 400 млрд теңге шығынды қайта бөледі

Бюджетке ақша жетпей жатқандықтан, үкімет нақты қандай шығындарды қысқартады?

фото: ашық дереккөзден

Үкімет бюджетке қаражат жетпей жатқандықтан, 400 млрд теңге қаражатты қайта бөліп, «енді қаражатты тиімді жұмсаймыз» деп отыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджет туралы заңға (түзетулерге) қол қойған болатын. Қаржы жағынан қорытынды бойынша қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бүгін баяндама жасап, мемлекеттік бюджетке трансферттерді есептемегенде 19 трлн теңге түскенін, яғни жоспарды орындауға 2 трлн теңге жетпей қалғанын хабарлаған еді. Бюджетке ақша жетпей жатқандықтан, үкімет нақты қандай шығындарды қысқартады? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты бүгін үкімет мүшелеріне қойды.

БІРЖАНОВТЫҢ ЖАУАБЫ

– 2 трлн теңге қосымша ақшаны Ұлттық қордан алған болатынбыз. Бірақ бұл қаражатпен шығындарды қысқартып жатқан жоқпыз. Жылдың аяғы ғой. Біз алған міндеттемелерді орындау үшін өңірлерге қаражатты бағыттаймыз. Бізде зейнетақы, жәрдемақы – бәрін төлеу үшін өңірлерге сол қаражатты жібереміз. Яғни, өңірлердегі субвенциялар саналады, – деді Ержан Біржанов.

БАЙБАЗАРОВ НЕ ДЕЙДІ

Вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бюджеттің нақты қандай бағыттары бойынша шығындар қысқарып жатқанын айтып берді. Сөзінше, 400 млрд теңге қаражатты экономиканы ынталандыруға жұмсалады. Оның бәрі үкімет тиімсіз деп таныған шығындардан келген ақша. 

– Әртүрлі шараларды өткізу біздіңше соншалықты қажет емес. Шығындарды біз қайтадан бағыттадық. Жалпы шығындарды қысқарту жүргізілген жоқ. Себебі бюджет болғандықтан, әлеуметтік салада, қорғаныста міндеттемелер бар. 

Биылғы жоспарымыз – бюджетті жоспарлау кезінде контрциклдық бағыт бойынша шығындарды өсу қарқынын 2022 жылы 20 пайыздан асса, қазір 8 пайызға дейін азайттық. Бюджеттік қағидалар жұмыс істеп жатыр. Бюджеттік шығындарды біз экономиканың өсуімен ғана байланыстырып, көтермей инфляцияны ұстап отырмыз, – дейді ол.

Үкіметте бүгін кабмин мүшелері қаржы түсімін, бюджет шығынын есептеп, жылдың 11 айын қорытындылады. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с