Жұмысты оңай әрі жылдам қайдан табуға болады

Бұл азаматтарға қолайлы жұмыс орындарын тез табуға және жұмыс берушілерге қажетті мамандар табуға мүмкіндік беретін көптеген қызметтері бар цифрлық экожүйе.

фото: Halyq Uni

Қазақстандықтарға бүгін, 2024 жылғы 17 желтоқсанда жұмысты оңай әрі тез табуға көмектесетін платформа жайлы еске салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Шалқар Байқұлақов Қазақстанда жылдам жұмыс табу үшін Enbek.kz платформасы жұмыс істейтіндігін еске салды.

«Бұл азаматтарға қолайлы жұмыс орындарын тез табуға және жұмыс берушілерге қажетті мамандар табуға мүмкіндік беретін көптеген қызметтері бар цифрлық экожүйе»,- деді ол.

Оның айтуынша, тіркелген ізденушілер түйіндемесін тез әрі оңай орналастыра алады. Сондай-ақ, оны жаңартып отыруға болады. Қолайлы бос жұмыс орындарын іздеумен бірге, өзін қызықтырған жұмыс орындарға түйіндемелерін жібере алады.

«Сонымен бірге, бапталған жасанды интелект моделі арқылы Enbek.kz сіздің дағдыларыңызды, біліміңізді, жұмыс тәжірбиеңізді ескере отырып, ең қолайлы жұмыс орындарын таңдайды. Жұмыс берушілер өз кезегінде бос жұмыс орындары туралы мәлімет орналастырып, жұмыс іздеушілердің өзекті түйіндемелерін көре алады. Үміткерлерді сұхбаттасуға шақыруға болады немесе тікелей платформада онлайн режимінде сұхбат өткізе алады»,- деді Шалқар Байқұлақов.

Ол Enbek.kz-те жыл сайын 1 млн. астам жұмыс орны туралы ақпарат, 600 мың түйіндеме орналастырылатындығын айтты. Портал арқылы 400 мыңнан астам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-11
Утром21.15 ℃
Днем28.71 ℃
Вечером30.06 ℃
Ночью22.26 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.2 м/с
2026-07-12
Утром20.31 ℃
Днем28.91 ℃
Вечером27.83 ℃
Ночью21.05 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.63 м/с