Желіде полицейлерге «хаттама толтыру бойынша жұмысты күшейту» тапсырылғаны түсірілген видео тарады

Егер кімде-кімде нақты фактілер немесе заңбұзушылықтар туралы дәлелдер болса, оны Ішкі істер министрлігіне, Ішкі істер департаментіне жолдауыңызды немесе 1402 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Ашық дереккөзден

Желіде полицейлердің белгілі бір хаттама толтыру бойынша жұмысты күшейту керегі айтылған видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланған видеодан полиция қызметкерлерінің бір ер адамды ұстап, онымен сөйлесіп тұрғанын байқауға болады. Сол сәтте рациядан хаттамаға қатысты сөз айтылады. 

«Хаттамалар бойынша жұмысымызды барынша күшейтеміз. Әсіресе әкімшілік…», – дейді рациядан естілген дауыста. 

Журналист Михаил Козачков видеоның Алматыдағы прокуратура ғимаратында түсірілгенін жазды. 

Видеодан кадр

«Бірақ ең қызығы бұл емес. Ең қызығы, сол сәтте рациядан естілген дыбыс. Олар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды көбірек жасау керек дейді. Меніңше, үкіметтің экономикалық блогы төтеп бере алмай отыр. Сондықтан полицияға бюджетті толықтыру тапсырылған. Жалпы, көлік жүргізу кезінде абай болыңыз, ережені бұзбаңыз», – деп жазды Козачков.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, желіде тараған полиция қызметкерлеріне қатысты жағдай, хаттама толтыру туралы мәлімет шындыққа жанаспайды.

Фото: Видеодан скрин

«Полиция қызметкерлерінің жұмысындағы негізгі басымдық – ресми көрсеткіштерді орындамай, қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету.  Егер кімде-кімде нақты фактілер немесе заңбұзушылықтар туралы дәлелдер болса, оны Ішкі істер министрлігіне, Ішкі істер департаментіне жолдауыңызды немесе 1402 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с