БҚО-да 87 отбасы қаладан ауылға көшіп барған

Бүгінгі таңда қаладан ауылдарға 87 отбасы (436 адам) көшіп барып, олардың 88-і тұрақты жұмысқа орналастырылған. 

Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында «Қаладан – ауылға» және «Дипломмен ауылға!» жобалары сәтті жүзеге асуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірдің 12 ауданында 120 отбасын ауылдарға қоныс аударту жоспарланған.

Бүгінгі таңда қаладан ауылдарға 87 отбасы (436 адам) көшіп барып, олардың 88-і тұрақты жұмысқа орналастырылған. Соның ішінде үш отбасы жеке кәсібін бастауда. Ауылға қоныс аударған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табуда. Қазіргі күнде 87 отбасы баспана алып, оның 35-і тұрақты үйге қоныстанған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 385 маманға тұрғын үй сатып алуға 3 136,4 млн теңге қарастырылған. 1 желтоқсанға дейін 251 маманға несие берілді.

Сонымен қатар, 820 маманға 598,7 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленге. 2009 жылдан бері бұл бағдарлама бойынша ауылдарға 10 244 маман тартылған. Оның ішінде 6 838 мұғалімдер, 1 896 медицина қызметкерлері, 652 мәдениет қызметкерлері, 329 агроөнеркәсіп мамандары ауылға жол тартты.

Бұл жобаның цифрландырылған жүйесі арқылы өтініш беру рәсімі жеңілдетілген. Мамандар өтінімді otbasybank.kz порталы арқылы онлайн түрде бере алады.

«Қаладан – ауылға» және «Дипломмен ауылға!» жобалары Батыс Қазақстан облысындағы ауылдарды дамытуға үлкен серпін беріп отыр. Бұл бағдарламалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып қана қоймай, ауылдық аумақтардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде.

Мемлекеттік қолдау ауылды мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, жас отбасылар мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда» дейді мамандар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с