БҚО-да құжатсыз жүрген жедел жәрдем көлігі анықталды

Бұл жағдай медицина қызметкерлерінің, науқастардың және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың заңдылығының жай-күйін талдау барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен техникалық тексеру туралы сертификаттармен жүрген 10 көлік, сондай-ақ міндетті сақтандыру полисінсіз жүрген 3 көлік анықталды,- деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз орталығы.

.Аталған жағдай медицина қызметкерлерінің, науқастардың және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Аталған фактілер бойынша аудандық прокуратура кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 590-бабының 8-бөлігіне (Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру) және 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы) әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бүгінгі күні заңды бұзушылықтар жойылып, айыппұл толығымен өтелді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с