Қазақстанда қызметкерлердің 48 пайызы келесі жылы жұмыс ауыстыруды жоспарлаған

Хедхантер зерттеуіне сүйенсек, өзге өңірге көшуге ниет білдірген тұрғындар да аз емес.

©Фото: elements.envato.com

Қазақстанда қызметкерлердің 48 пайызы келесі жылы жұмыс ауыстыруды жоспарлаған, деп хабарлады Информбюро.
Өйткені жартысынан көбінің жалақы мөлшеріне көңілі толмайды екен.
Хедхантер жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша ауыл шаруашылық, көлік және логистика, сауда саласында жүргендердің дені жаңа жұмысқа орналасуды көздеген. Мұндай шешімге келуге айлықтың аздығы, мансаптық өсудің шектелуі және жұмыстың қиындығы түрткі болған.
Респонденттердің бір бөлігі ірі қалаларға көшуді қарастырған екен. Келесі жылдан бастап жұмысын ауыстыруды жоспарлаған жандар көп екен. Бұл хедхантер жүргізген сауалнаманың нәтижесі.Қымбатшылық қыспаққа алғанда қызметкерлердің дені айлықтың шайлыққа жетпейтінін айтқан. Әлеуметтанушы Бақыт Әлмұратов бұл Қазақстандағы бейнелеп айтқанда қалыптасқан табиғи құбылыс дейді.
Хедхантер зерттеуіне сүйенсек, өзге өңірге көшуге ниет білдірген тұрғындар да аз емес. Басқа емес көбі Алматы мен Астанаға келуді құп көреді екен. Ал халықтың көбі жыл сайын өзгеретін инфляция деңгейі мен жалақы мөлшері сәйкес келмейді деген пікірде.
Жалпы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 20 пайызы жаңа мамандық игергісі келетінін де айтқан. Көптің таңдауы ІТ-саласына түскен. Әсіресе әйелдер қауымы келесі жылы жаңа мамандық меңгеруге құлшынып отырған көрінеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.56 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с