БҚО-да 94 мыңнан астам адам қан айналымы жүйесі ауруларымен есепте тұр

Батыс Қазақстан облысында 94 192 адам қан айналымы жүйесі ауруларымен тіркелген.

Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

БҚО кардиологиялық орталығының директоры Арман Байдеуовтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, мұндай аурулармен сырқаттанушылық, мүгедектік және өлім-жітім көрсеткіші әлемде алдыңғы орында. Бұл миокард инфарктісі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, өмірге қауіп төндіретін аритмия, инсульт сияқты асқынуларға әкеледі.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы он айда тұрғындарды скрингтік тексерумен қамту 99,5 пайызға жеткен. Соның 10,3 пайызынан дерт анықталған. 99,3 пайызы бақылауға алынған.

«Облыс бойынша ересектерге арналған кардиологиялық 144 төсек-орын бар. Сондай-ақ 12 кардиохирургиялық, 54 кардиологиялық оңалту, 10 кардиохирургиялық оңалту төсектері ересектерге арналған. Жыл сайын стационарда 4 мыңнан астам пациент ем алады. Жүрекке 200-ден астам ашық ота жасалып, 3 мыңнан астам коронарографиялық зерттеу жүргізіледі. Оған қоса 100-ден астам жоғары технологиялық жүрек отасы жасалып, 2 мың консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетіледі. Қан айналымы жүйесінің аурулары бойынша өлім-жітім мен мүгедектіктің алдын алу мақсатында шеберлік сағаттары сияқты іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Сонымен қатар оталардың барлық түрлерін кардиологиялық орталық мамандары өз бетінше жүргізе бастады», дейді А.Байдеуов.

Оның мәлімдеуінше, барлық дерлік қан айналымы жүйесі ауруларының пайда болуына атеросклероз әсер етеді. Осы бағытта Денсаулық сақтау министрлігімен дислипидемия бойынша жол картасы қолға алынғаны белгілі. Мұның аясында облыста 9 дислипидемия кабинеті ашылып, медициналық мекемелер дәрігерлері оқытылды.

«Бірқатар проблемалық мәселелерді айта кетуге болады. Медициналық жабдықтар мәселесі республикалық және жергілікті бюджет есебінен шешілуде. Кадр тапшылығын шешу облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапты. Облыстық кардиологиялық орталықтың ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте жаңа кардиологиялық орталықтың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. МӘМС жүйесінде сақтандырудың болмауы да азаматтарды емдеу кезінде қиындық туғызады», деді А.Байдеуов.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером8.11 ℃
Ночью4.48 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с