БҚО құтқарушылары екі жасар баланы құтқарды
2022 жылы туған қыз бал анасы балконға шыққан кезде есік жабылып қалып, пәтерде жалғыз қалып қойған.

БҚО құтқарушылары екі жасар балаға көмекке келді.
Оқиға Орал қаласындағы қалалық көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. 2022 жылы туған қыз бал анасы балконға шыққан кезде есіктің жабылуына байланысты пәтерде жалғыз қалып қойған. Көмек сұраған әйел адамның дауысың естіген көршілер 112 қызметіне қоңырау шалды.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты. Балконның есігін ішінен ашып, қыз баланы аман-есен анасына тапсырды.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!