Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Сырым Датұлы көшесінде жолаушылар автобусының моторы өртенген.

Оралда өртсөндірушілер өртеніп жатқан жолаушылар автобусын сөндірді, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік мәліметінше, оқиға Сырым Датұлы көшесінде болған. Жолаушылар автобусының моторы өртенді.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Елімізде соңғы кезде жолаушылар автобусы көп өртене бастаған, 4 желтоқсанда Астанадағы «Министрліктер үйі» аялдамасында жолаушылар автобусы өртенді. Өрт сөндірушілер келгенше көліктің артқы жағы толығымен жанып кеткен.
Кейін, 9 желтоқсанда Астанадағы А.Бараев көшесінде Байқоңыр ауданында автобус өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автобустың төбесі өртенген.