Қазақстанда енді шетелдік маркетплейстен алынған тауарлар декларацияланбақ

Ұлттық экономика министрлігі қоғамдық талқылауға шығарған құжатта шетелдік сайт арқылы тапсырыс беретін қазақстандықтар әр заттың құнын, салмағын, сипаттамасын көрсетуі тиіс делінген. 

Фото: inbusiness.kz

Елімізде шетелдің маркетплейстерінен алынған онлайн тауарлар да декларациялануы мүмкін. Бұдан бұлай сайт арқылы тапсырыс беретін қазақстандықтар әр заттың құнын, салмағын, сипаттамасын көрсетуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы жылдары елімізде онлайн саудаға деген сұраныс айтарлықтай өскен. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, былтыр электронды коммерция 12,7% артып, 3 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан үкімет өзге елден келіп жатқан тауардың нақты көлемін анықтап, бақылауды күшейтпек. 

Шағын кәсіпкер Ұлбала Әбіл министрліктің бұл бастамасын құптамайды. Оның сөзінше, декларацияны міндеттеу саудагерлерді шығынға батырады.

“10 мың, 15 мың теңгенің затына тапсырыс берген болып көрінгенмен, оны клиенттер сұрайды. Яғни, бұл – клиенттердің тапсырысы. Қызметіміздің үстінен 5-7 мың ғана қосамыз. Ал декларацияны клиент емес, біз тапсырамыз. Сонда бізге салық көбейеді. Сәйкесінше, біз сол нәрседен нәпақа тауып отырғаннан кейін үстінен пайда көруіміз керек. Сол үшін салықты өтеу үшін тауардың бағасын көтеруге мәжбүр боламыз”, – деді кәсіпкер Ұлбала Әбіл.

Ұлттық экономика министрлігі қоғамдық талқылауға шығарған құжатта шетелдік сайт арқылы тапсырыс беретін қазақстандықтар әр заттың құнын, салмағын, сипаттамасын көрсетуі тиіс делінген. 16 жасқа толған азаматтар электрондық сауда тауарларының декларанаттары болады. Алайда декларацияны қашан және қалай тапсыратыны белгісіз.

“Ұлттық экономика министрлігі «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталына Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын орналастырды. Бұл бастама шетелдік сайттарда сатып алынатын тауарлардың толық статистикасын жасауға және электронды коммерция нарығының ашықтығын арттыруға сеп болады. Сондай ақ бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді”, – деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Әзірге жоба 26 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Қолдау тапса, келер жылы күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с