БҚО бойынша Антикор жол құрылысы саласында 550 млн теңгенің ұрлануына жол бермеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров өңірде жолдардың құрылысы жүйесіз жүріп жатқанын, сол бір жолдар жылдан жылға жөнделіп жатқанын, ал 20 жылдан бері жаңа асфальт көрмеген жолдар бар екенін айтты. Соңғы 5 жылда Орал қаласында жолдарды жөндеуге 200-ге жуық жоба дайындалды, оның 68-і қолдану мерзімі өтіп кеткен, нәтижесінде 271 млн теңге бюджет ақшасы ысырап болды.

«ОА» мұрағатынан

– Жол инфрақұрылымы саласы өңір тұрғындары үшін ең өткір салалардың бірі болып табылады. Өкінішке орай, облыстағы көптеген жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда, бұл азаматтар үшін тұрақты қолайсыздықтар туғызып қана қоймай, қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді, – деді жергілікті Антикор басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. – Облыстық әкімдікпен әлеуметтік маңызы бар объектілерді абаттандыру жөніндегі бірлескен жоспар шеңберінде департамент тұрақты негізде жол құрылысына мониторинг жүргізеді, мемлекеттік органдарға ұрлықтың ықтимал тәуекелдері және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану туралы ақпараттық хаттар жібереді.

Мәселен, 2024 жылы осындай ақпараттық хаттарды жолдаудың арқасында Антикор 550 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлаудың алдын алды.

Сонымен қатар, уақтылы шаралар қабылдау нәтижесінде 17 жолдың құрылысы аяқталды, олардың орындалу мерзімі бастапқы кестеден артта қалды.

Талдау нәтижесінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады, мемлекеттік органдарға оларды жою үшін 44 ұсыныс берді.

– Жол саласындағы негізгі тәуекел облыста автомобиль жолдарын паспорттаудың болмауы болып табылады. Осыған байланысты жолдарды салу мен жөндеуді жоспарлау кездейсоқ жүзеге асырылады, бұл ресурстарды тиімсіз пайдалануға әкеледі, жұмыстың орындалуын бақылауды қиындатады және жол инфрақұрылымының сапасын төмендетеді. Мысалы, Орал қаласында соңғы жылдары Абай, Назарбаев және Сарайшық даңғылдары бірнеше рет жөндеуден өтті, ал соңғы 20 жылда Токсанов, Жароков және Преображенская көшелерінде бірде – бір жөндеу жүргізілген жоқ, – деп атап өтті Әділхан Сабуров.

2019 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша автомобиль жолдары бойынша 195 жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Алайда олардың 68-і іске асырылмаған және қазіргі уақытта оларды қолдану мерзімі өтіп кеткен.

Нәтижесінде бюджеттен 271 млн теңге негізсіз жұмсалды.

«ОА» мұрағатынан

Келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелі орташа жөндеуге дайындалған құжаттама болған жағдайда күрделі жөндеуге арналған жаңа жобалау-сметалық құжаттаманы жасау болып табылады. Мысалы, 2021 жылы Бөкей ордасы ауданында Мұратсай ауылына кірме жолды орташа жөндеуге 1,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Алайда кейінірек сол жолды күрделі жөндеуге арналған жаңа жобалау-сметалық құжаттама жасалды.

– Жобалардың бастапқы құнының артуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Мәселен, қазіргі уақытта облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 94,6 млрд теңгеге 13 жобаны іске асыруда. Мемлекеттік органның жол жұмыстарын жүргізуді уақтылы бақыламауы, сондай-ақ мердігер тарапынан жұмыстарды аяқтаудың кешігуі жобалардың айтарлықтай қымбаттауына әкелді. Мысалы, 2022 жылы аяқталуы тиіс «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 68-139 км» жолын жөндеу қазір бастапқыда жоспарланғаннан 11 млрд теңгеге артық тұр-оның құны 17,7 млрд теңгеден 28,7 млрд теңгеге дейін өсті. Бұған мердігер тарапынан жұмыстардың едәуір кешігуі, құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесін сақтамау және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан реакцияның болмауы себеп болды. Көптеген бұзушылықтарға қарамастан, басқарма мердігерге қатысты тиісті шаралар қабылдаған жоқ және жолды жөндеу жылдан жылға жалғасуда, – деді Әділхан Сабуров.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Сырым ауданы Қособа ауылының 14-29 км кіреберіс жолын орташа жөндеу» жобасын іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалану фактісін анықтады. Мәселен, 2022 жылы «Сырым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен мердігер ұйым арасында 1 млрд 058 млн теңге сомасына шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың желтоқсанында басталды.

«ОА» мұрағатынан алынған сурет.

2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін тапсырыс беруші мердігерге 948,4 млн теңге аударды. Бұл ретте мониторингпен орындалған жұмыстар актілері мен іс жүзінде орындалған жұмыстар арасында 513 млн теңге сомасына елеулі алшақтықтар белгіленді.

Антикор араласқаннан кейін бұзушылықтар жойылды, лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с