Ресейдің әскери ұшақтары Ақтау әуежайында жөнделеді — көлік министрі

Министрдің айтуынша, жөндеу және оқу базасын түрік компаниялары YDA, Turkish Technic және ASFAT салуды жоспарлап отыр.

Фото: aktau-airport.kz

Ақтау әуежайында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығы салынады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев 23 желтоқсанда Мәжілісте өткен жиында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, жөндеу және оқу базасын түрік компаниялары YDA, Turkish Technic және ASFAT салуды жоспарлап отыр.

«Техникалық қызмет көрсету орталығы Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдерінің азаматтық және әскери әуе кемелеріне қызмет көрсететін болады. Мемлекетіміздің, Ресей Федерациясының, Өзбекстанның, Түркіменстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның азаматтық авиациясының 411 жолаушы ұшағы», — деді министр.

Карабаевтың пікірінше, Ақтау әуежайы — перспективті мультимодальды авиациялық хаб.

«Оның басты артықшылығы – көліктің барлық түрлеріне қолжетімділік және Еуропаға жақындығы – бар болғаны 3 сағаттық рейс. Жаңғырту нәтижесінде әуежайдың жүк тасымалдау мүмкіндігі жылына 200 мың тоннаға дейін артып, жылдық айналымы 520 миллиард теңгені құрайтын болады», — деді Қарабаев.

Еске салсақ, 2024 жылдың сәуірінде Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Кездесуге YDA Holding құрылыс компаниялар тобының басқарма төрағасы Хусейн Арслан да қатысты. Жиында Қазақстан мен Түркия арасындағы бірлескен жобалар талқыланды. Бұған дейін YDA Түркістан халықаралық әуежайын салған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-14
Утром-6.91 ℃
Днем-4.55 ℃
Вечером-7.54 ℃
Ночью-7.43 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.18 м/с
2026-02-15
Утром-3.16 ℃
Днем-1.14 ℃
Вечером1 ℃
Ночью1.15 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.82 м/с