Ақтаудағы ұшақ апаты: Баллон жарылды —соңғы деректер

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Фото: видеодан скриншот

Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендер саны 14 адамға жетті, олардың ішінде екі бала бар. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Басқарма өкілдері апат кезінде ұшақ бортында жарылыс болғанын хабарлады.

«2024 жылғы 25 желтоқсанда, шамамен 10:58-де Баку – Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында баллон жарылып, 14 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар»,
– деп мәлімдеді басқарма.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының алты бригадасы жіберілді.

Фото Азамат Сарсенбаев

«Облыстық көпбейінді ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық төсек-орын, сондай-ақ 10 реанимациялық орын дайындалды. Балалар ауруханасында 20 төсек-орын мен 10 реанимациялық орын ашылды»,
– деп толықтырды басқарма өкілдері.

Қазіргі уақытта ауруханаға 14 адам жеткізілді, олардың бесеуі ауыр халде, реанимация бөліміне ауыстырылған.

Фото: Orda.kz

Сонымен қатар, 11 жастағы бала мен 16 жастағы жасөспірім де ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер мен құтқарушылар зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.99 ℃
Днем30.11 ℃
Вечером29.92 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.01 м/с
2025-07-14
Утром19.72 ℃
Днем25.61 ℃
Вечером28.33 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.87 м/с