Енді МӘМС-ке жарна төлемеген азаматтар да онкологиялық скринингтен өтеді

Қазақстанда қазір 3,5 млн азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МәМС) жарна төлемегендіктен онкологиялық скринингтен өте алмай отыр. Сол себепті енді МӘМС-ке жарна төлемеген азаматтар да онкологиялық скринингтен өтетін болды. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбет мәлімдеді.

Сурет: yusupovs.com

«Адамгершілік тұрғысынан бұл — дұрыс шешім. Ал экономикалық тұрғыдан бұл — прагматикалық қадам. Себебі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мемлекетке кеш анықталған жағдайларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», — дейді депутат.

Депутаттың сөзінше, бұл түзетулер заңды күшіне енген жоқ, келесі жылға жоспарланып отыр. Бұл түзетулер заңды түрде қабылданғаннан кейін, сақтандырылмаған азаматтар да онкологиялық скринингтерден өте алады.

Осыған дейін онкологиялық скринингтерден өту үшін азаматтар МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет еді. Сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен 12 айға немесе алдағы 12 айға жарналарды төлеуі міндетті.

Сақтандыру мәртебесіне ие халықтың санаттары

  • Балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектігі бар жандар, жұмыссыздар, тағы осы сияқты барлығы 15 санат бойынша халық сақтандыру жарнасын төлейді. 
  • Бұл санаттарды мемлекет қамтамасыз етеді, яғни олар сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекке қол жеткізеді.
  • Жалпы алғанда, Қазақстан халқының 83%-ы (17 млн адам) сақтандыру мәртебесіне ие.

2025 жылы денсаулық сақтау саласына 2,4 триллион теңге қарастырылған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 180 миллиард теңгеге артық.

2025 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне 1,6 триллион теңге. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 675 миллиард теңге қарастырылған, оның ішінде 668 миллиард теңгесі мемлекеттік жарналарға жұмсалады.

Sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.57 ℃
Днем35.33 ℃
Вечером32.29 ℃
Ночью29.38 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.83 м/с
2025-07-12
Утром21.91 ℃
Днем33.56 ℃
Вечером34.05 ℃
Ночью26.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.31 м/с